НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ
Орал қаласында жаяу жүргіншілердің қатысуымен жиі жол-көлік оқиғалары орын алуда. Осыған орай жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ көліктегі апаттылықты төмендету мақсатында ағымдағы жылғы 16-26 мамыр аралығында Орал қаласы аумағында «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу қолға алынды. Шараның алғашқы күнінде, нақтырақ айтсақ, 16 мамырда Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшылары мен жауапты аға инспекторлары, облыстағы «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі жастар бақылауының белсенді өкілдері бірлесіп рейдке шықты.

Жол қозғалысын қадағалау іс-шараларынан қалмайтын және жаяу жүргіншінің өміріне бей-жай қарамайтын, көпшіліктен жол жүру ережелерінің қатаң сақталуын талап еткен жастар шараны «Ирс» сауда үйі алдындағы жаяу жүргінші өтпесінен бастады. Одан әрі №1 емхана ауданындағы «Евразия» даңғылы бойындағы ақ жол өтпесімен жүріп өтіп, қолдарындағы арнайы жазуы бар плакатқа жүргізушілердің назарын аудартты. Көлік жүргізушілеріне «Жол тәртіпті талап етеді», «Өзіміз бен жақындарымызды бәледен қорғау тек біздің қолымызда» т.б. жазулары бар жадынамаларды үлестірді.
-Жыл басынан бері жаяу жүргіншінің тарапынанан 31 жол көлік апаты тіркелді. Апат нәтижесінде 9 адам ажал құшты. 26 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Жаяу жүргіншінің тікелей қатысымен 10 жол-көлік апаты орын алды. Осының бесеуі жол үстінде көз жұмды. Өткен апта ішінде бірнеше жол апаттары тіркелді. Велосипед руліне отырған тұлғалар тарапынан да апаттар орын алатыны жасырын есмес. 2 велосипед рөліндегі адам апат салдарынан көз жұмды, – дейді Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Динара Абдулкалыкова.
Бұдан әрі арнайы дабылдары бар көліккке отырған патрульдік полиция баталонының инспекторлары Құрманғазы, М.Мәметова көшесі бойымен, Еуразия даңғылы бойымен жылжып, Орталық базар ауданына дейін жүріп жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтап, арнайы өтпелерден өтулерін талап еткен мәтінді дыбыс зорайтқыштармен таратты.
Кез-келген жаяу жүргінші өтпелі жоқ көшеден өтуге болмайды. Ол үшін жақын маңдағы көше қиылысына немесе «Жаяу жүргінші өткелі» деген белгі орнатылған жерге дейін барып арнайы өткелден өтуі керек.
«Нараз аударыңыз, жаяу жүргінші» шарасы аясында облыс орталығында бірнеше тексеріс рейдтері ұйымдастырылып, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтаулары тексерілетін болады.
Гүламан Исмағұлова, Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу