8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Ақпан 2021 1682 0
Қоғам

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛЕ МЕ…

Денсаулық сақтау вице-министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қазақстандықтар биыл Наурызды қалай тойлайтынын айтты.

Баспасөз мәслихатында наурыз айындағы мерекелік күндерде коронавирусқа байланысты қатаң шаралар қабылдау мүмкіндігі туралы сұралды. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғинияттың сөзінше, бұл жағдай әрбір өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Сондықтан әр өңірдің бас санитар дәрігері жергілікті жердегі аурудың таралуына қатысты көрсеткіштерді назарға алып, өздерінің қаулысын қабылдайтынын жеткізді. «Барлығы қалыпты болса, қазіргі тәртіпте жұмыстар жалғасады. Бірақ бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Әркім наурызды өз отбасында тойлауы қажет», – деді ол. Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасының жобасы әзірленген болатын.

«Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Тұжырымдаманың қабылдануы мерекенің мазмұнын байыта түседі», – дейді жобаны әзірлеушілер. Жобада Наурыз мерекесін атап өтуге қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында, яғни 10 күн өткізілетіні айтылған.

https://kaz.nur.kz/society/1898339-nauryz-merekesinde-kazakstanda-karantin-ksejtile-me-ministrlik-pikir-bildirdi/?utm_source=clipboard&utm_medium=article-fragment

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
24 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»