8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қаңтар 2019 3675 0
Жалын

МУЗЕЙЛЕРДЕН МОЛ МАҒЛҰМАТ АЛДЫҚ

 

   Биылғы доңыз жылының алғашқы қысқы каникулын Орал қаласында қарсы алған мына суреттегі балалар Алматы қаласынан Ақ Жайықта тұрып жатқан ата-әжесіне қыдырып келген екен.  Жаңа жыл кешін Оралда қарсы алып, түнгі он екіде Тұңғыш Президент шыршасын тамашалапты. Орал қаласы бұрынғыдан да әдеміленіп, дамып кеткені жайлы айтқан қонақтарымыздың қуанышында шек жоқ. Олар бұл жолғы сапарындаөлкедегі бірнеше музейді көріп, аралап шыққандарын ерекше сезіммен жеткізді.  Ата-бабаларымыздың мұрасына айналған ұлттық  құндылықтарға қатты қызығушылық танытқан алматылықтар осындай музейлерді жаңғыртып,  мұрағаттарды сақтап, жас жеткіншектерге насихаттауда  жан-жақты мүмкіндіктер туғызып отырған  Батыс  Қазақстан  облыстық мәдениет басқармасына және БҚО музей меңгерушілеріне дән риза.     

Сары ИКСАНОВ, Алматы қаласындағы №159 Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы:

– Бауырларым Әлімжан, Темірлан және Томирис пен Жасмин бәріміз алдымен үшінші қаңтар күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне бардық. Көне жәдігерлері мол, өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және рухани байлықтарды жинақтап, сақтап келе жатқан, 180 жылдан астам тарихы бар мәдени, тарихи орын бізге ерекше әсер қалдырды.

– Бұл музей негізі 1836 жылы  Орал  қалалық  әскери училище жанынан, училище  муғалімдері  М.Курилин  мен  Г.Карелиннің қатысуымен  құрылыпты.  Ал мавритан (шығыстық) сәулет өнеріне жататын музей ғимараты 1879 жылы орыс-қазақ мектебі үшін салынған көрінеді. Орал облыстық атқару комитетінің шешімімен 1980 жылы Облыстық тарихи-өлкетану музейіне берілді, – деп түсіндірді бізге облыстық музей экскурсоводы Асыл Ықыласбекова.

Бүгінгі таңда музейдің 12 филиалы жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетіп тұрғанын да айтып берді. Музей  қорында 140 000-нан астам жәдігерлер сақталуда. Тарихи кезеңдерге арналған 8 экспозициялық залдан тұратын музейде археология залы, Жайық қалашығының пайда болу тарихы туралы зал өзімді  және бауырларымды баурап әкетті. Сол секілді  Қазақ хандығы және Бөкей Ордасы құрылу тарихына арналған зал,  Жайық жауһарлары залы, ХХ ғасыр тарихына арналған зал,  Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстанның полиэтностық тарихына арналған зал іші біздің тарих пәнінен оқыған сабақтарымызды еске түсірді. Әсіресе,  БҚО өнер мен мәдениет саласынының даму тарихына арналған зал мен ҚР Тәуелсіздігі және Елбасы залы бізді керемет әсерге бөледі. Оның үстіне экскурсовод Асыл апайымыздың түсіндіруі, арасында осы өлкеден шыққан атақты спортшы Данияр Елеусінов туралы мәліметтерді қоса айтуы ұнады. Санамыз сергіп, көкірек көзіміз одан сайын ашыла түсті.  Ғаламтор желісінде музейдің www.olke.kz сайтына жиі кіремін. Сайт арқылы да біраз жаңалықтармен таныспын. Өткен  2018 жыл облыстық тарихи-өлкетану музейін 22766 өзіміз секілді адамның  тамашалағанын, 1092 экскурсия жүргізілгенін білемін. Мұның  437-сі шетелдік қонақтар болыпты. Экспозициясы әр түрлі тақырыптарды  қамтыған Батыс Қазақстан өлкетану музейінің ұжымына және  музей экскурсоводы Асыл Омарқызына бауырларым атынан зор рахметімді айтамын. Облыстық мәдениет басқармасы мен музейдің барлық қызметкерлерін, аға-апаларымды Жаңа жылдарымен құттықтап, дендеріңе саулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыстар тілеймін.

 

 

Томирис АМАНТАЕВА:

– Орал қаласы маған қатты ұнайды.  Жазғы ұзақ демалысымды сіңлім Жасмин екеуміз нағашы әжем мен атам тұратын жасыл мекенде өткіземіз. Жайықтағы тарихи жерлерді аралаудан жалықпаймыз. Осы жолы біз алғаш рет «Пушкин» музейінде болдық. Есіктен кіргеннен қонақтарды жылы шыраймен қарсы алған музей меңгерушісі Әлмұқанова Кәкима апай біздерге керемет мәліметтер айтты.

– Балалар, бұл Оралда өзіндік орны бар тарихи жерлер мен XYІІІ-XІX ғғ. ғимараттар өте көп. Солардың бірі және бірегейі «Атамандар үйі».  2006 жылы «Қазақстанда Пушкин жылы, Ресейде Абай жылы» аясында екі елдің Президенттері Н.Назарбаев пен В.Путиннің қатысуымен осы үйдің қабырғасында «А.С.Пушкин музейі» ашылды. Бұл ғимарат ХІХ ғ. тұрғызылған. Сол кезде ғимараттар ағаштан тұрғызылуына байланысты, жиі өртке оранатын. Атамандар үйіде 1807 және 1821 жылдары екі  мәрте өртке ұшырап, сол кездегі Орал әскерінің атаманы Д.Бородин итальяндық әскери архитектор М.Дильмединоны шақыртып, үйдің өрттен сақталған қабырғаларын пайдалана отырып, 1825 жылы итальянның «Палаццо» стилінде ғимаратты қайта салғызды. Жайық өңірін көптеген даңқты адамдар аралаған. Солардың қатарында А.С.Пушкиннің де табаны тиген. Мұны оралдықтар зор мақтан тұтады. Ұлы ақын тарихтан аса білімдар болып, өмір бойы ізденумен өткен. Сол ізденістерінің бірі – ол әйгілі Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі. Ұлы ақынның қазақ жұртына деген адал ықыласын біздің халқымыз еш уақытта ұмытпақ емес. Осынау ұлы тұлға тоқтаған үйде орналасқан А.С.Пушкин музейі бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына ұлы орыс ақынының өмірі мен артына қалдырған бай мұрасын кеңінен насихаттап отыр. Музей экспозициясы 18-19 ғғ. сәйкестіріліп жасақталған. Музей қабырғасынан орын алған жиһаздар, музыка аспаптары, фотосуреттер, кітаптар және құжаттар көшірмелері т.б. музейдің құнды жәдігерлері ақынға қатысты болғандықтан, кім-кімге де  үлкен әсер береді. Музейге келушілерді ұлы ақынның бюсті қарсы алып тұр. Бюстің жанында жерлес ақынымыз Жұбан Молдағалиевтің төмендегі өлең жолдары орын алған:

… Осылай жүрген Оралда

Пушкинді болжап көремін.

Жолаушы еді ол онда,

Жанына түйген өлеңін.

Жолаушы емес ол енді,

Қаламның тұрғын адамы,

Саңқылдап өлмес өлеңі,

2018 жыл А.С.Пушкин музейін 3186  адам тамашалап, 271 экскурсия жүргізілді,– деп айтып берді музей меңгерушісі Какима Оқасқызы. Менде Пушкин музейінен алған әсерімді өзім оқып жүрген №159 Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның оқушыларымен, достарыммен бөлісетін боламын. Бізге музей туралы тамаша мағлұмат берген Кәкима Оқасқызына көп-көп рахмет айтамын.

Әлімжан және Темірлан Дамир ұлдары:      

– XVIII ғасырлардағы сәулет өнерінің туындысы және тарихи ескерткішіне айналған Е.Пугачев музей-үйі тарихи құнды деректер жинаумен шұғылданған орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин және жазушылары мен зерттеушілерінің назарын аударған мекеннің бірі. 1967 жылы бұл үйде кітапхана орналасса, 1991 жылдан бастап тарихи ескерткіш ғимараты облыстық тарихи-өлкетану музейінің қарамағына беріліпті. Бұл музейде орыс-казактарының тұрмыстық бұйымдары және қару-жарақтарының түпнұсқалары, тулар, зеңбіректер, құнды патша сыйлықтары өте көп. Әсіресе, біздерді музейдің келбеті және  сол кездегі казактардың үйімен сәйкес келетіндей жасалынғаны, ауладағы ағаш арбалар, құрал-саймандар сүйсіндірді. Тарихи оқиғалардың куәгері болып саналатын Е.Пугачев музей-үйіндегі жүздеген жәдігерлердің қасында суретке түстік.   Біздерге Пугачев музейі туралы тамаша түсіндіріп берген  экскурсовод Жанаргүл Сырымова апайға алғысымыз шексіз.

Жасмин НҰРҒАЛИҚЫЗЫ:

– Орал қаласының Достық даңғылындағы «Табиғат және экология» музейін алғаш рет көруім. Ғимараттың ішіне кірген бойда өзімді қалың орманның ішінде аңдармен бірге жүргендей сезіндім.  Қай бұрышқа қарасам да айналам толы жан-жануарлар. Бәрі тірі секілді. Таза ауада қыдырып жүргендей, менімен тілдесіп тұрғандай болды.

«Табиғат және экология» музейінің меңгерушісі Айгүл Омарғалиқызы бізді музейдің тарихымен таныстырып, толық мәліметтерді екі тілде жеткізді.    ­

­       – Бұл музей алғашында 1852 жылы Орал әскери училищесі жанында Г.Карелиннің өлке тарихына қатысты жәдігерлерді жинақтауының арқасында құрылған. Орал музейінде сақталған қазба жәдігер жануарлардың: мамонттың, жүндес мүйізтұмсықтың, алып бұғының сүйектерін көргендігін жазыпты. Біздің музейдің мақсаты ­- туған өлкеміздің табиғатына қамқорлық жасап, экологиялық саналылықты қалыптастыру­. Бұл музейді  2018 жылы 11825 адам тамашалап, 382 экскурсия жүргізді,  -­ деді Айгүл апай.

Мен музейдің үш залынан ғалым-зерттеушілер мен пайдалы қазбалар, жануарлар әлемі туралы көптеген мәлімет алдым.  Солтүстік Каспий жағалауының өңірінде ғана кездесетін жәндіктің 30-40 мың түрін көріп, бәрін суретке түсірдім. Мұнда «Дала» диорамасының аңдары мен құстардың сан  түрлері: балпақ тышқан, дала қыраны, ақбөкендер көп-ақ.  «Орман» диорамасы тіптен тамаша. Бұлан, елік, борсық, сілеусін, түлкіні көргенде көзім жайнап кетті.  Өз қолыммен ұстағым келді.

Музей экспозициясында құртпа балық, бекіре, сүйрік, тікенек құтпа балық, сазан балықтары да толып тұр. Экспозиция Қазақстан Республикасының «Қызыл» кітабы қойылған бөліммен аяқталды. Экспозицияны қызықтап болған соң Айгүл Жұмағазиева біздерге  «Қасіретті Нарын», «Батыс Қазақстан облысының табиғаты», «Жыл мезгілдері», «Аққулар өлкесінде», «Қарашығанақ» бейнетаспаларын көрсетті. Аға-апаларыммен бірге тамшалаған табиғат музейі көңіл-күйімді көтеріп тастады. Біз Айгүл апайға риза болдық.

 Дайындаған: Несібелі ХАСЕН

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
189 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
228 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
392 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
584 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
826 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
905 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1013 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1020 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1046 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1057 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1160 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1380 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1698 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1580 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1689 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1680 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1810 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1855 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1799 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1809 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»