8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2022 7800 0
Өзек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан❗️

ЦИТАТЫ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА

ПО СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОМУ БЛОКУ

1. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады.

Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды.  

На общенациональном референдумебольшинство граждан поддержало курс на политическую модернизацию.

Конституционная реформа стала основополагающим шагом в созидании Нового Справедливого Казахстана.

2. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет»арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз.        

Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады.  

Нам предстоит глубинная перестройкаотношений в триаде «гражданин – бизнес – государство».

В первую очередь, государство обеспечит равенство возможностей и справедливость для всех.

3. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады.

Будут гарантированы высокий уровень общественных благ и поддержка социально уязвимых категорий населения, в том числе граждан с особыми потребностями. Будет создан соответствующий институт Омбудсменапри Президенте.

БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.

ПЕРВОЕ. НОВАЯ ЭКОНОМИЧЕСКАЯПОЛИТИКА

4. Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:

жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.

Приоритетами нового экономического курса станут:

стимулирование частной предпринимательской инициативы, то есть отход от госкапитализма и чрезмерного вмешательства государства в экономику;

развитие конкуренции, то есть обеспечение равных возможностей для всех;

– и, конечно, справедливое распределение национального дохода.

5. Монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керек.

Желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту қажет.

Тариф инфрақұрылымға қаржы салғаны және ашықтықты қамтамасыз етудің мемлекеттік мониторингі жүйесіне қатысқаны үшін беріледі. Меншік иесі инвестицияның айтарлықтай бөлігін тарифтің емес, өз қаржысының есебінен салуға тиіс.  

На монопольных рынках необходимо перейти к новой тарифной политике «Тариф в обмен на инвестиции».

Показатели износа сетей и мощностей нужно сократить минимум на 15%.Тариф будет предоставляться в обмен на вложения в инфраструктуру и участие в системе государственного мониторинга для обеспечения прозрачности. Весомую часть инвестиций собственник должен внести из своих средств, а не за счет тарифа.

6. Бірыңғай операторлардың қызметінарықтық экономиканы дамытуға кері әсер етеді. Сондықтан, бұл институтты ретке келтірген жөн.  

Қазір жұмыс істеп тұрған операторларды бәсекелі ортаға беру қажет немесе монополист деп танып, қызметін монополияға қарсы арнаулы құқық аясында реттеу керек.

На развитие рыночной экономики негативно влияет деятельность единых операторов. Поэтому следует отрегламентировать данный институт.

Существующих операторов нужно передать в конкурентную среду либо признать монополистами, и регулировать их деятельность в рамках специального антимонопольного права.

7. Фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексіәзірленеді. Оның ең түйткілді тұсы саналатын салықтық әкімшілендіру мәселесі түгел қайта жазылуға тиіс.

В целях перезагрузки фискального регулирования в 2023 году будет подготовлен новый Налоговый кодекс.Его наиболее проблемный блок – налоговое администрирование должен быть полностью обновлен.

8. Тағы бір басымдық – салықтық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру.

Ол үшін экономиканың түрлі саласында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшкен жөн.

Еще один приоритет – повышение эффективности налогового стимулирования. Для этого следует перейти к дифференцированным налоговым ставкам в разных секторах экономики.

9. Салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізген жөн.  

Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады.

В рамках налоговой реформы важно рассмотреть возможность введения так называемого «налога на роскошь».

Он будет взиматься при приобретении дорогостоящих объектов недвижимости, транспортных средств и не затронет средний класс.

10. Заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет.

Ал, биылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек.        

Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынамын.

Необходимо принять решительные меры для перекрытия всех нелегальных каналов ввоза машин впредь.

При этом надо урегулировать ситуацию с такими автомобилями, ввезенными до 1 сентября текущего года.

Для их легализации предлагаю применить в разовом порядке единый сбор за утилизацию и первичную регистрацию в размере, не превышающем 200-250 тысяч тенге.

11. Кедендік рәсімдеу орталықтары«бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс.

Центры таможенного оформлениядолжны работать по принципу «одного окна».

12. Бюджет кодексінде шекті нормативтер бекітіледі.  Оны бюджетті жоспарлау және орындау кезінде міндетті түрде ұстану қажет.

Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе.    

Непосредственно в Бюджетном кодексе предстоит закрепить предельные нормативы, обязательные для соблюдения при планировании и исполнении бюджета.

Будет прекращена практика неэффективного расходования ресурсов Национального фонда. Это крайне важно.

13. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады.    

Нужно также позволить государственным органам переносить неосвоенные средства на следующий год. Это решение позволит избавиться от неэффективной практики возврата денег в бюджет.

14. Осы айтылған мәселелерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Бюджет кодексінқабылдау қажет.

Для эффективной реализации обозначенных подходов необходимо принять новый Бюджетный кодекс.

15. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады.  

Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет.

Осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс.  

Предстоит выстроить качественно новую систему государственных закупок.

В приоритете должно быть качествозакупаемых товаров и услуг, а не минимальная цена. Закупки государственных и квазигосударственных организаций необходимо перевести на единую платформу.

Для реализации данных подходов потребуется принять новый закон «О государственных закупках».

16. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек.  Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс.

Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет.  

Следует перейти на новую модель государственно-частного партнерства.

Для повышения эффективности данного механизма нужно принять соответствующий закон.

17. Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек.  

Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет.

До конца года нужно выработать действенные подходы для оперативного и прозрачного выделенияпредпринимателям земельных участков.

В каждом регионе и крупном населенном пункте следует провести оценку наличия незанятых или неиспользуемых по назначению земель.

ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.

ВТОРОЕ. РАЗВИТИЕ РЕАЛЬНОГО СЕКТОРА

18. Ең алдымен, жер қойнауын игеру ісіне инвестиция тарту үшін заңнаманы және рәсімдерді барынша жеңілдету керек.  

Геологиялық ақпарат туралы бірыңғай мәліметтер банкін құру жұмысын аяқтау қажет.

Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын.

Прежде всего, потребуется значительно упростить законодательство и процедуры для привлечения инвестиций в разработку недр.

Нужно завершить создание единого банка данных геологической информации.

Поручаю Правительству повысить инвестиционную привлекательность индустриального сектора.

19. «Самұрық-Қазына» қорыэкономиканың басты салаларына бақылау жасауға ғана жеткілікті ықпалы бар мажоритарлы инвесторға айналады.

Қордың басқа активтері мен акцияларын жекешелендіру керек. Оны жүзеге асыруға «Халықтық ІРО» тәсілін де қолдануға болады.  

«Самұрық-Қазына» қоры жеке инвесторлар дербес жүзеге асыра алмайтын аса маңызды жобаларға инвестор ретінде қатыса алады. Мұндай жобаларды Президент анықтайды.

Фонд «Самрук-Казына»трансформируется в инвестора, владеющего только мажоритарным пакетом, достаточным для контроля ключевых секторов экономики.

Другие активы и акции Фонда будутприватизированы, в том числе через механизм «Народное IPO».

В качестве соинвестора «Самрук-Казына» будет участвовать только в критически значимых проектах, которые не могут быть реализованы частными инвесторами. Такие проекты будут определяться Президентом.

20. Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек.  

Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді.  Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады.

Нам нужно в полной мере использовать открывающиеся возможности и стать транспортно-транзитным узлом действительно мирового значения.

Казахстан уже начал реализацию таких крупных проектов, как создание контейнерного хаба в Актау, развитие Транскаспийского коридора. К данной работе будут привлечены передовые логистические компании мира.

21. «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады.  

Национальная компания «Қазақстан теміржолы» будет преобразована в полноценную транзитно-логистическую корпорацию.

22. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі де қолданылады.

Сондықтан, Үкіметке мүлдем жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырамын.

Әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын жасау керек.

До сих пор используются устаревшиестроительные стандарты и нормы.

Поэтому поручаю Правительству принять концептуально новый документ – Градостроительный кодекс.

По каждому городу следует создать функциональные интерактивные карты земельных участков и схем коммунальных сетей.

23. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет.

Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес.

Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс.

Предстоит решить стратегическую задачу увеличения объемов производства и повышения добавленной стоимости отечественной сельхозпродукции.

Время, когда можно было просто продавать зерно и скот, ушло в прошлое.

Правительство должно подготовитьновые долгосрочные подходы к субсидированию отрасли.

24. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр.

Цифрлық платформа осының бәрін бір жерге жинақтайды.

Тұтастай алғанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажет.

Все разрозненные сведения о состоянии сельскохозяйственных земель, водных ресурсах, ирригационных системах и транспортной доступностибудут объединены на единой цифровой платформе.

В целом, со следующего года агропромышленный комплекс страны должен заработать по новым и стабильным правилам.

25. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды.

Үкімет пен әкімдіктер 2023 жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс.

Общая площадь неиспользуемых или выданных с нарушением законодательства земель, составляет около 10 миллионов гектаров.

Правительство и акимы должны принять конкретные решения по ним до конца 2023 года. Тем более, что мораторий на проверки, связанные с земельными вопросами, снят.

26. Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр.

Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды.

Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек.

Серьезным барьером для устойчивого экономического развития страны является нехватка водных ресурсов.

В текущих реалиях эта тема переходит в разряд вопросов национальной безопасности.

Для их решения необходимо активизировать работу Водного совета при Правительстве с привлечением экспертов.

ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.

ТРЕТЬЕ. СТРАТЕГИЧЕСКИЕ ИНВЕСТИЦИИ В БУДУЩЕЕ СТРАНЫ

27. Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  

Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты.

Люди – главная ценность нашей страны.

Поэтому справедливое распределение национальных богатств и предоставление равных возможностей каждомугражданину – ключевая цель наших реформ.

28. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті.

Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын.

Необходимо наконец запустить систему добровольного медицинского страхования.

Поручаю Правительству пересмотреть подходы к финансированию здравоохранения и социальной сферы в целом.

29. Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған.

Бүгінде еліміздегі 650 елді мекендеемдеу мекемесі жоқ.

Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі.

Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.

Мной принято решение уже со следующего года начать реализацию национального проекта, нацеленного на нужды сельских жителей нашей страны.

В течение двух лет будут построены и полностью оснащены медицинские и фельдшерско-акушерские пункты в 650 селах, в которых сегодня нет медучреждений.

Тем самым государство обеспечит доступ к первичной медико-санитарной помощи более миллиону граждан.

30. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады.    

Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады.

Бұл төрт миллионнан астам адамғакөрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады.

В рамках нацпроекта 32 районные больницы будут модернизированы и преобразованы в межрайонные многопрофильные учреждения.

В них появятся инсультные центры, отделения хирургии, реанимации и реабилитации.

Это позволит повысить качество медицинских услуг для более чем четырех миллионов граждан.

31. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникаларашылады.

Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді.

При медицинских вузах будут созданы многопрофильные университетские больницы и клиники.

В течение трех лет ежегодное количество грантов на подготовку в резидентуре будет увеличено на 70%.

32. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет.

Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек.

Необходимо кардинально решить вопрос обеспеченности детскими садами.

Вместе с тем следует принять действенные меры для повышения социального статуса и заработной платы воспитателей.

33. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.

Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз.

Каждый казахстанский школьник должен иметь достойные условия для обучения и всестороннего развития.

Именно на это нацелен новый национальный проект «Комфортная школа».

До 2025 года мы создадим 800 тысяч ученических мест, отвечающих современным требованиям. Это позволит полностью решить проблему аварийных и трехсменных школ.

34. Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс.

Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек.  

Все незаконно полученные средства, которые поступают в распоряжение государства в результате судов над коррупционерами, должны расходоваться на строительство школ.

Правительству следует принять решение о юридическом оформлении этой акции.

35. Жеке білім беру ваучерлеріненгізу жоспарланып отыр.

Баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына  мемлекет  бөлетін қаражат бірыңғай білім беру есепшоттарында жинақталады.

Бұл қадам еліміздің әрбір азаматы үшін бірдей мүмкіндік қағидатын іс жүзінде қолдануға жол ашады.

Планируется внедрить персональные образовательные ваучеры.

Все средства, предоставляемые государством на обучение ребенка, в том числе внеклассное, будут аккумулироваться на единых образовательных счетах. Данный шаг позволит на практике реализовать принцип равных возможностей для каждого гражданина нашей страны.

36. Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі.  

Будут предоставляться и льготные кредиты на обучение под 2-3% годовых.

37. Жоғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлар білім беру экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуға тиіс.

Мақсатты капиталдың мұндай қорлары әлемдегі озық университеттерде ғылымды және инновацияны қаржыландырудың өзегі саналады.  

Ключевым звеном развития образовательной экосистемы должны стать эндаумент-фонды при вузах.

В ведущих университетах мира такие фонды целевого капитала являются основой устойчивого финансирования науки и инноваций.

38. Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.

Мною принято решение поднять уровень минимальной заработной платы с 60 до 70 тысяч тенге. Это напрямую затронет доходы 1,8 миллиона граждан.

39. Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртамыз.    

Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет.  Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді.

Предстоит существенно перезагрузить пенсионную систему.

Следует последовательно довести минимальную базовую ставку пенсии до 70% от прожиточного минимума, а максимальную – до 120%. Вместе с ранее принятыми решениями это позволит к 2025 году увеличить совокупную пенсию в среднем на 27%.

40. Сондай-ақ, әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз.

Учитывая широкий социальный запрос, планка пенсионного возраста для женщин будет до 2028 года зафиксирована на уровне 61 года.

41. Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейінұзартамыз.  Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады.

Мы увеличим период выплат по уходу за ребенком до полутора лет уже с 1 января 2023 года. Родители дольше будут со своими детьми в самом важном младенческом возрасте.

42. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейінкөбейтіледі.

Для участников системы соцстрахования выплаты по потере работы повысятся до 45% от среднемесячного дохода. Это поможет им легче и быстрее вернуться к трудовой деятельности.

43. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек.

Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек.  Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі.  

Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді.

В следующем году различными мерами занятости будут охвачены около 100 тысяч молодых людей.

Для поддержки молодежного предпринимательства будет запущен отдельный механизм льготного микрокредитования под 2,5% годовых.

Предлагаемые меры позволят повысить эффективность системысоциальной защиты граждан, сделают наше общество более гармоничным и справедливым.

44. Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы.

Мы закрепили в Основном законе ключевой принцип, по которому земля и природные ресурсы принадлежат народу. Это не просто красивая декларация, а лейтмотив всех реформ.

45. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек.  

Сондықтан, мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын.

Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады.

Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын.    

Каждая семья должна получить реальную отдачу от использования национальных богатств страны.

Поэтому считаю исключительно важным в рамках объявленного мной Года детей дать старт принципиально новой программе «Нацфонд – детям».

Предлагаю отчислять 50% от ежегодного инвестиционного дохода Национального фонда на специальные накопительные счета детей до достижения ими 18 лет, без права досрочного снятия. По достижении совершеннолетия накопленные суммы будут направлены на приобретение жилья и получение образования.

Учитывая необходимость тщательной проработки этого масштабного начинания, поручаю запустить проект с 1 января 2024 года.

46. Кәсібилік пен еңбекқорлыққоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек.

Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады.

Крайне важно, чтобы в нашем обществе высоко ценились профессионализм и трудолюбие.

Еще раз повторю: трудолюбивые граждане, настоящие профессионалы своего дела должны быть самыми уважаемыми людьми в стране. Именно такие граждане укрепляют наше государство.

ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.

ЧЕТВЕРТОЕ. ПЕРЕЗАГРУЗКА ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ

47. Саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса мән беру керек.

Үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге берген жөн. Нақты бір саладағы саясатқа «ұжымдасқан кабинет» емес, нақты бір министр жауап беруге тиіс.

Акцент необходимо сделать на децентрализации системы госуправления при одновременном повышении персональной ответственности политических служащих.

Часть компетенций Правительства следует передать министерствам – за конкретную отраслевую политику должен отвечать конкретный министр, а не «коллективный кабинет».

48. Біз орталық мекемелерді оңтайландыру арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуіміз керек. Бұл тәсіл қордаланған мәселелерді өңірлерде, ел ішінде шешуге мүмкіндік береді.

Через оптимизацию вертикали центральных ведомств нам нужно существенно расширить полномочия местных исполнительных органов. Это позволит приблизить решение насущных вопросов к регионам, к людям.

БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

ПЯТОЕ. ЗАКОН И ПОРЯДОК

49. Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуықажет.

Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек.

Көптеген сот төрағасы лауазымысудья лауазымы болып өзгереді.

Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын.

Необходимо обеспечить верховенствоправа и качество отправления правосудия.

Для этого требуется срочное обновление и оздоровление судейского корпуса.

Многие позиции председателей судовбудут преобразованы в судейские должности.

Предлагаю применить выборныемеханизмы при отборе самими судьями кандидатур на должности председателей судов и председателей судебных коллегий.

50. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек.

Необходимо приступить и к внедрениюэлементов выборности судей Верховного Суда. Для этого Президент будет вносить в Сенат кандидатуры на альтернативной основе.

51. Судьялардың дербестігін арттыру үшін Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін нығайтқан дұрыс.

Судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін көтеру жұмысы Кеңестің құзыретіне беріледі. Сондай-ақ, олардың шекті жасын ұзарту, өкілеттігін тоқтату мәселесімен де осы мекеме айналысады.  

Для повышения самостоятельности судей необходимо укрепить статус Высшего судебного совета.

В ведение Совета будут переданы вопросы подготовки кандидатов в судьи, повышения квалификации, продления предельного возраста, приостановления и прекращения полномочий действующих судей.

52. «Сот төрелігін атқару сапасы» бойынша судьяларды бағалау және жауапкершілікке тарту институтынтүбегейлі қайта қараған жөн.

Апелляция институтын реформалауқажет. Істер бірінші сатыдағы сотқа қайтарылмай, нақты мән-маңызы бойынша шешім шығарылуы керек.  

Предстоит также пересмотреть институт оценки и привлечения к ответственности судей по критерию «качество отправления правосудия».

Требует реформирования институт апелляции. Здесь решения должны выноситься по существу, без возврата в первую инстанцию.

53. «Саяси плюрализмге ашықпыз, экстремизмнен, қарақшылық пен бұзақылықтан қашықпыз» деген ортақ қағиданы бүкіл қоғамның есіне салғым келеді.

Қасақана арандату басталған жерде, сөз бостандығы мен пікір алуандығы туралы әңгіме қозғаудың өзі артық.  Бұл – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, мемлекеттің тұғырын шайқауға әрекеттену деген сөз.  

Бізге ел бірлігі ауадай қажет.

Хочу напомнить всему обществу наш общий принцип: «политическому плюрализму – да, экстремизму, бандитизму, хулиганству – решительное нет».

Там, где начинаются целенаправленные провокации, не может быть и речи о свободе слова и плюрализме мнений. Это посягательство на стабильность и безопасность общества, попытка расшатывания устоев государства.

Сегодня нам как никогда нужно единство.

54. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын.

Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым.

Рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарға, сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін айыпталғандарға қолданылмайтыны түсінікті.

Сондай-ақ, лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға рақымшылық болмайды.    

Многие из нарушителей закона осознали свою вину и раскаиваются в содеянном. Думаю, они заслуживают второго шанса. Поэтому я принял решение провести единоразовую амнистию участников январских событий.

Разумеется, амнистия не затронет главных фигурантов, причастных к организации беспорядков, а также обвиняемых в государственной измене и попытке насильственной смены власти.Под амнистию не подпадут и лица, совершившие террористические и экстремистские преступления, рецидивисты, а также применявшие пытки.

55. Соңғы кезде адам өлтіру, қарақшылық жасау сияқты ауыр қылмыстар көбейіп барады. Аса қатыгездікпен жасалатын мұндай әрекеттер бүкіл қоғамға қатер төндіреді.

Жазаны қатайту, мұндай қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды доғару арқылы осы қауіпті үрдістің тамырына балта шабу керек.  

В последнее время учащаются случаи тяжких преступлений – убийств и бандитских разборок.

Они совершаются с особым цинизмом и являются вызовом всему нашему обществу.

Эту опасную тенденцию нужно пресечь на корню – ужесточить наказание и исключить условно-досрочное освобождение за подобные преступления.

56. Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр.

Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады.

Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын.

В обществе уже долгое время поднимается вопрос о криминализациинасилия в семейно-бытовой сфере.

Безнаказанность дебоширов развязывает им руки, фактически оставляет их жертв беззащитными.

Считаю, что пришло времяужесточить ответственность за подобные деяния.

57. Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс.    

Сондықтан, Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет.  

Синтетические наркотики с каждым годом становятся дешевле и доступнее. С учетом масштаба этой крайне опасной социальной болезни борьба с производством и распространением синтетических наркотиков должна принять общенациональный характер.

Поэтому необходимо разработать Комплексный план по борьбе с наркоманией и наркобизнесом.

58. 2015 жылдан бері Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге 1200-ден астам өзгеріс енгізілген.

Уақытша жағдайларға байланысты немесе аясы тар корпоративті мүдделерге бола заңдарды өзгертуге жол берілмеуге тиіс.  

Сондықтан, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы түзету құзыретін Әділет министрлігінеберу қажет.

С 2015 года в Уголовный и Уголовно-процессуальный кодексы внесено уже более 1200 изменений.

Недопустимо, чтобы законы менялись в угоду сиюминутной конъюнктуре или узким корпоративным интересам.

Поэтому полномочия по коррекции уголовного и уголовно-процессуального законодательства необходимо передать Министерству юстиции.

59. Соңғы кезде қоғамда жаңа және ескі Қазақстан деген сөздер жиі айтылуда. Бұл ұғымдарды бір-біріне қарсы қойып, анау ескі, мынау жаңа деп жіктейтіндер бар.  

Елді бұлай бөлуге болмайды.  

Біздің Отанымыз біреу ғана. Ол – Қазақстан.

В последнее время в обществе стали часто звучать словосочетания «новыйКазахстан» и «старый Казахстан», которые противопоставляются друг другу.

Разделять страну подобным образом недопустимо, у нас одна Родина – Казахстан.

60. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек.  

Жаңа Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.

Мы должны фокусироваться не на разделительных линиях, а, наоборот, консолидироваться ради достижения масштабных целей.

Именно в этом глубинный смысл идеи Нового Справедливого Казахстана.

61. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.

Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ.

Перед нами стоит особо важная задача – сохранить суверенитет и территориальную целостность страны.

Для дальнейшего укрепления государственности нам необходима сплоченность. Другого пути нет.

62. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған.

Халқымыз татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берген. Оны бәрінен биік қойған.  

Единство народа всегда было нашей самой главной ценностью, которая сегодня приобретает еще большее значение.

Наш народ всегда ставил превыше всего мир и стабильность.

ПІКІР БІЛДІРУШІЛЕРГЕ БАҒЫТ-БАҒДАР – САЯСИ БЛОК

Сайлау уақытының жаңа әрі жария саяси дәстүрі

Биліктің негізгі институттарына (Президент, Парламент Мәжіліс, барлық деңгейдегі мәслихаттар) қатысты кезектен тыс өтетін сайлаудың уақытын алдын ала айту – еліміздің жаңа тарихында алғаш рет орын алып отыр. Бұған дейінгі дәстүр бойынша, сайлау кампаниясының уақыты құпия сақталып, ол туралы ақпарат жеті қат жердің астында жасырын ұсталатын еді.

Ал бұл жолы Президент Қ.Тоқаев «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сүйеніп, биліктің жария саясат ұстанып отырғанын көрсетіп қана қойған жоқ. Оған қоса, сайлау уақытын ашық айту арқылы, биліктің өз қуатына сенімін, ешқандай да саяси үрейдің жоқ екенін көрсетті. Жалпы алғанда, мұны билік пен қоғамның арасын жақындатуға бағытталған тағы бір қадам деп қабылдаймыз. Осы арқылы таза серіктестік қарым-қатынас қалыптасады.

Барлық сайлау кампанияларын уақытынан бұрын өткізу – алдағы реформаларды іске асыруға жол ашады.

Барлық сайлау кампанияларын өткізіп алсақ, біз алдымызда тұрған экономикалық және әлеуметтік салаларды жаңғыртуға қатысты жұмыстар алаңсыз атқарамыз. Өйткені алдымен 2024 жылы, одан соң 2025 жылы өтетін сайлау кампаниялары елімізде жүргізілетін реформалардың тиімділігін төмендетіп, негізгі жұмысқа назар аударуға мүмкіндік бермейді. Бастысы, жыл басындағы реформалардың қарқынын бәсеңдетіп алмай, жұмысты өз деңгейінде жалғастыра беру керек.

Президент Қ.Тоқаев ұсынған сайлаудыңжаңа мерзімі – конституциялық реформалардың заңды жалғасы.

Мемлекет басшысының алдымен Президент сайлауын, одан соң Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізу туралы ұсынысы өте дұрыс әрі жан-жақты сараптан өткен шешім.

Конституцияға енгізілген ауқымды түзетулер мен өзгерістер биліктің барлық жүйесін қалыптастыруға қатысты түсінікті түбегейлі өзгертті десек, артық айтқандық емес. Президенттің, Парламенттің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, партиялардың және сайлау жүйесінің, яғни, билік институттарының негізгі өкілеттіліктері қайта қаралды. Солайша, биліктің арақатынасына қатысты жаңа жүйе құрылды.

Сондықтан бұл институттардың жұмысын сайлау арқылы жаңарту заңды шешім. Егер Президент сайлауын өткізу үшін жаңа заңдар қабылдау қажет болмаса (сол себепті бұл сайлау бірінші өтеді), ал Парламент пен мәслихаттарды қайта жасақтау үшін «Сайлаутуралы» және «Саяси партиялар туралы»заңдарға көптеген түзетулер енгізу қажет. Сонымен қатар, партиялардың сайлау науқанына дайындығына да белгілі бір уақыт керек (бастама көтеру, тіркеу және жаңа партиялардың қалыптасуы). Сондықтан Президенттің Парламент пен мәслихаттар сайлауын келесі жылдың алғашқы бөлігінде өткізу туралы ұсынысы ойға қонымды.

Осылайша, біз биыл жазда өткен республикалық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістерді жүзеге асыра аламыз.

Президенттік мандатты жеті жылдық бір мерзімге қысқарту – аймақта орналасқан елдер үшін саяси жаңалық

Мемлекет басшысының сайлау кампаниясының уақытын жария айтуынан және Президенттік мандатты жеті жылдық бір мерзімге қысқарту туралы ұсынысынан нені байқадық? Бұл Қ.Тоқаевтың Қазақстанда тұрақты демократиялық модельқалыптастыруға қатысты саяси бағытын кезең-кезеңімен атқарып жатқанын көрсетті.

Байқасаңыз, көптеген көршілеріміз бүгінде демократиялық процестерден алшақ саясат ұстанып отыр. Бұл орайда Қазақстан Президенті көрші елдердің алдында жаңа тренд қалыптастырып жатыр. Тоқаевтың тренді – саяси либерализация, билік жүйесін құруда жаңа демократиялық механизмдерді қалыптастыру.

Президент Қ.Тоқаев өзінің реформатор саясаткер екенін дәлелдеді.

Іс басындағы Президенттің қайта-қайта сайлануы билік өкілеттіліктері арасындағы қатынасқа, тіпті демократиялық үдерістерге қалай қауіп төндіретінін ел өмірінің өткенінен білеміз.

Президентке өте үлкен өкілеттілік берілген Қазақстан жағдайында елдегі жоғары билік иесінің қызметін сайлау арқылы реттеу қажет. Бұл Мемлекет басшысының қолына бар биліктің тізгінін беріп қоюдың, оны монополия жасаудың алдын алады.

Президенттік мерзімді шектеу – халықтың сенімін арттырады. Сол арқылы дұрыс саяси жүйе құруға жол ашылады. Нәтижесінде биліктің ауысуы мемлекет ісіндегі қалыпты жағдайға айналады.

Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мықты демократия орнатуды мақсатты түрде және кезең-кезеңімен атқарып жатыр.

Парламент сайлауы жаңа заң қабылданғаннан кейін өтеді

Президент Қ.Тоқаевтың Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысы қисынды деп ойлаймыз.

Парламентке Президент Тоқаевтың бағытын қолдайтын жаңа тұлғалардың келуі – өте маңызды әрі қажет іс.

Сонымен қатар, көптеген қоғам белсенділері Парламент сайлауын биыл өткізу туралы ұсыныс айтып жүр. Біздіңше, бұл өте асығыс шешім. Оның нәтижесі аз болады.

Оған дейін «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы» жаңа заңдарды қабылдау қажет. Жаңа саяси партиялардың қалыптасуына мүмкіндік беру керек. Содан кейін барып қана Парламент сайлауын өткізуге болады.

Олай болмаған жағдайда, Парламентке бұған дейінгі саяси күштердің қайтып келуі ықтимал. Ал қоғамның қалауы басқа.

ЦИТАТЫ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА.ПОЛИТИЧЕСКИЙ БЛОК

1. Қазіргі геосаяси жағдайда біз мемлекеттілігімізді біртіндеп нығайтып, реформалар мен жаңару бағдарын нық ұстануымыз қажет.  Біз барынша мұқият әрекет жасап, еліміздің ұзақ мерзімді мүддесіне сай жұмыс жүргізуіміз керек.

Реформалардың қазіргі қарқынын сақтау, саяси мәселелердің бәрін кейінге қалдырмай шешу аса маңызды.  

Ол үшін алдағы сайлау кезеңдерін тиімді жоспарлау қажет.

В своих действиях мы должны быть предельно прагматичными и исходить из долгосрочных интересов страны.

Крайне важно сохранить набранный темп реформ, решить все политические вопросы, не откладывая их в долгий ящик.

Для этого нужно рационально выстроить предстоящие электоральные циклы.

2. Билік өзінің жоспарын қоғамнан жасырын ұстайтын саяси дәстүрден арылуымыз керек.

Сондықтан, мен бүгін алдағы сайлау науқандарының кестесін барша халыққа жариялағым келеді.      

Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын.

Әділетті Қазақстанды құру жолындатүбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

Политическая традиция, когда власть держала свои планы в секрете от общества, должна уйти в прошлое.

Поэтому сегодня я намерен всенародно представить график будущих избирательных кампаний.

Предлагаю осенью текущего года провести внеочередные президентские выборы.

Для успешной реализации кардинальных и всесторонних реформ, направленных на построение Справедливого Казахстана, требуется новый мандат доверия народа.

3. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.  

Для меня интересы государства превыше всего. Поэтому я готов пойти на досрочные президентские выборы,даже несмотря на сокращение собственного срока полномочий.

4. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ, қайта сайлануға тыйым салынады.

Бір жағынан, 7 жыл – кез-келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең.

Екінші жағынан, Президент мандатын бір мерзіммен шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді.

Мен ұсынып отырған конституциялық жаңалық билікті монополизациялау қаупін айтарлықтай азайтады.  

Дәл осы себепті, мен президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасын енгізуді ұсынып отырмын.          

Предлагаю установить ограничение мандата Президента в один срок продолжительностью 7 лет без права переизбрания.

С одной стороны, 7 лет – это достаточный период для реализации любой амбициозной программы.

С другой, ограничение президентского мандата одним сроком обеспечит максимальную нацеленность Главы государства на решение стратегических задач общенационального развития.

Именно поэтому я предлагаю внедрить норму однократного президентства.

5. Президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасын сайлаудан кейін Парламенттің қарауына ұсынамын.

Парламент оң шешім қабылдаса, Отанымызда жаңа саяси дәуір басталады.

После выборов я вынесу инициативу, ограничивающую полномочия Президента одним сроком, на рассмотрение Парламента.

В случае ее принятия, в Казахстане начнется новая политическая эпоха.

6. Жаңарған Ата заңымыз әділ әрі ашық ережелері бар саяси жүйенің мүлде жаңа стандарттарын енгізеді.

Саяси партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.

Парламент пен мәслихаттарды партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша жасақтаудың тың тәсілдері іске қосылады.

Жалпы, конституциялық реформада көзделген институционалдық өзгерістің бәрін осы жылдың соңына дейін заңмен бекітіп, аяқтау қажет.  

Обновленная Конституция задает совершенно новые стандарты политической системы с честными и открытыми правилами игры.

Процедуры регистрации политических партий уже значительно упрощены.

Заработают новые механизмы формирования Парламента и маслихатов по партийным спискам и одномандатным округам.

В целом, все институциональные изменения, предусмотренные конституционной реформой, необходимо законодательно завершить уже до конца года.

7. Ескі тәсіл бойынша сайланған биліктің өкілді органдарының кезектен тыс сайлау науқаны арқылы жаңаруы заңдылық.      

Сондықтан, Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынамын.

Біз көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамын жасақтаймыз.

Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін арттырары сөзсіз.

Избранные по старым лекалам представительные органы власти должны закономерно обновиться, пройдя через внеочередной электоральный цикл.

Поэтому предлагаю провести выборы в Мажилис и маслихаты всех уровней в первой половине следующего года.

Мы получим новый состав депутатов, представляющих интересы широких групп граждан.

Уверен, это повысит эффективность работы маслихатов и Парламента.

8. Сонымен, биыл Президент сайлауы, келесі жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауыөтеді. Содан кейін Үкімет құрамы жасақталады.  

Соның нәтижесінде 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарады.

Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз.

Таким образом, в этом году состоятся выборы Президента, в следующем году – выборы депутатов Мажилиса и маслихатов, а затем будет сформировано Правительство.

В итоге, к середине 2023 года будет осуществлена перезагрузка и обновление всех основных политических институтов: Президента, Парламента, Правительства.

Мы строим Справедливый Казахстан с открытой конкуренцией и равными возможностями для каждого.

9. Жаңа сайлау науқанының мерзімдерін және оның ретін елге ашық жариялау шешім қабылдау кезіндегі ашықтық қағидатына сай келеді.  Осы қадамның бәрі біздің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты формуламыздыбіртіндеп нақты мән-мазмұнмен байыта түседі.  

Публичное обнародование сроков и последовательности нового электорального цикла отвечает принципам открытости в принятии решений.

Все эти шаги поэтапно наполняют реальным содержанием нашу главную формулу «сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство».

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
29 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
50 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
50 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
147 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
142 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
150 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
233 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
492 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
683 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
812 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
824 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
898 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1302 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1318 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1396 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1484 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1690 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1689 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»