МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҰСЫНЫЛДЫ
Білім басқармасы мен Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 4 ақпан күні «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде басқарудың тиімділігі» тақырыбында жеке мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтеріне арналған семинар өтті.

Семинар барысында Орал қаласының №34 «Балбұлақ», №50 «Заңғар» бөбекжайларының іс-тәжірибелері ұсынылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруда, құрылымдау дағдыларын дамытуда STEAM технологиясын қолдану әдіс-тәсілдері, оқу қызметтері, шеберлік сыныптары көрсетілді.
Білім басқармасының басшысы А.Мыңбаевамен «Сұрақ-жауап» айдарында сұхбаттасу жүргізілді. БҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің жасөспірімдер мен балалар гигиенасы бөлімінің басшысы Г.Наурзалина «Карантин кезіндегі санитарлық–эпидеомиологиялық талаптар» бойынша баяндама жасады, Bilimland Group маркетинг департаментінің мамандары «Bilim kids. Мектепке дейінгі ұйымдарында қашықтан оқыту жүйесі» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласының педагогтеріне, тәрбиеленушілері мен ата-аналарына арналған оқыту платформасын кеңінен насихаттап, қолдану жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар Білім басқармасының мамандары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру», «Педагогтерді аттестаттаудың ерекшелігі», «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібі», «Ұлттық білім беру деректер қоры: нұсқаулық және толтыруы» тақырыптары бойынша нормативті құжаттарды басшылыққа алып жұмыстану, педагогтерді аттестаттау, мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы, ұлттық деректер қорын толтыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттар берілді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу