8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Маусым 2021 1428 0
Қоғам

«МЕЙІРІМ ШУАҒЫНДАҒЫ» БІР КҮН

Орал қаласында  «Жусан» операциясымен қақтығыс аймағынан елге оралған аналар мен балалар үшін «Еуразия» туристік сауықтыру орталығында бір күндік лагерьде  бас қосты.  Шараны Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

 

«Жусан» операциясы аясында кіндік қаны тамған туған жеріне оралғандардың қатарында 91 батысқазақстандық бар. Олардың 25-і – әйел, 63-і – кәмелетке толмағандар. Елге аяғы тиген сәттен оңалту шараларынан өткен әйел-аналардың қазіргі жағдайы жақсы. Жарқ еткен сәуленің соңынан ілесіп келеді. Осы орайда қоғамға бейімделуі мақсатында ұйымдастырылған шаралардан қалыс қалмауға тырысады. «Интеграл» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған «Мейірім шуағы» лагері де осындай игі жұмыстардың  бірі.

–  Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт сыйлайтын орта. Әдеттегі монотонды түсіндіру жұмыстарынан гөрі өзгеше форматта, таза ауада ұйымдастыру арқылы әйел-аналарға, балаларға қызықты күн, қоғамға бейімделу жолында әрекет етуге  серпіліс сыйлауға тырыстық. Лагерь аясындағы бағдарламаны да осы бағытта – бәрі бірге атсалысып қатысатындай, ой бөлісе алатындай негізде жоспарладық. Аналарымыз қызығушылық танытуда,  – дейді қоғамдық бірлестік төрайымы Аида Мектепқалиева.

Бір күндік шара аясында тренингтар, балаларға арналған қызықты ойындар өткізілді. Арнайы шақырылған аниматорлар балғындардың көңілін сергітіп, қызықты конкурстар ұйымдастырды. Әр шара отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталды. Түс ауа тәжірибелі психолог Әдемі Аянғалиева әйел-аналарға мақсат қою және ішкі қорқынышты жеңуге бағытталған семинар-тренинг жүргізді.

–  Ойын түрінде кәсіп ашуға жоспар құрдық. Екі топқа бөлінген аналар бизнес ашу, шикізатты алу, өнімді өткізу мен табыс алу жоспараларын жасады. Бұл осы істі өздері  жасай алатынын сездіру, өздеріне сенімділіктерін нығайту үшін ұйымдастырылды. Мәселен, біреулеруі балмұздақ сату кәсібін жүргізудегі жоспарын көрсетсе, тағы бірі Ет комбинатын ашуға ынталы екендіктерін жеткізді. Осы орайда әрқайсысы өздерінің жоспарларын айтқанда, өзгелері тыңдай отырып, «менің де қолымнан келеді» деген ықыластарының оянуына сеп болуы мүмкін, – дейді «ЕРДЕМ» дамыту орталығының психологы Әдемі.

Аталмыш топтағы әйел-аналармен оңалтудың алғашқы кезеңінен-ақ жұмыстанып жүрген Әдемі Аянғалиева атап өткендей, бұл әйелдердің алды 4 жыл, ұзағы 12-15 жыл елімізден тыс жерде әрі соғыс жағдайында болғандықтан, дамып жатқан қоғамнан қалыс қалған. Әрі келген кезде халықтың құшақ жая қабылдамағаны, тіпті кейбірінің туыстарының теріс айналуы олардың тұйықтықтан, күйзелістен шығуына кедергі болғаны рас. Сондықтан жүйелі түрдегі бейімдеу жұмыстары маңызды. Оған теолог, психолог, әлеуметтік мамандар мен қоғамдық ұйымдар күш салып келеді. Бірлескен жұмыс нәтижелі.

Тұрмыстың түрлі түйткілімен жиі жүздесе бермейтін тағдырластар үшін табиғат аясындағы бұл шара ішкі тебіреністерін бір-бірімен бөлісуге, жаңалықтарын жеткізулеріне мүмкіндік берді. Шоқтай болып сөнген үміттерін жаққан мемлекеттің қолдауына әрқайсысы риза. Осы кезге дейін бірқатары тегін түрде  ұсынылған киім тігу, хиджама жасау сынды курстардан өткен, «Атамекен» ҰКП арқылы кәсіпкерлік негіздерінен сабақ алған. Өз бизнес-жоспарларын дайындап, грант алуға ниеттілері бар. Жарқын болашаққа ұмтылған олар өткен қиын күндерді мүлде еске алғылары келмейді.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
106 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
143 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
156 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
168 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
243 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
240 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
246 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
332 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
585 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
776 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
907 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
917 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
992 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1394 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1412 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1489 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1576 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1783 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1781 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»