8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2025 900 0
Медицина

Медицина ұйымдары 7 айды сараптады

БҚО Денсаулық сақтау басқармасында басқарма басшысы Мадияр Утешевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиынға өңірдегі медициналық ұйымдардың директорлары қатысып, бірқатар маңызды және өзекті мәселелерді талқылады. Соның ішінде медициналық ұйымдардың ағымдағы жылдың жеті айындағы қызмет нәтижелері сараланып, ранжирлеу қорытындылары таныстырылды. Сонымен қатар, ми қан айналымы жіті бұзылған (ОНМК) науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері талқыланды.
Кеңесте халықты клиникалық көрсеткіштерге сәйкес жоспарлы тексерулер мен тестілеумен қамту деңгейінің жеткіліксіздігіне назар аударылды. Бұдан бөлек, бастапқы санитариялық көмек және онкологиялық қызмет бойынша мақсатты көрсеткіштердің орындалу тәуекелдері сөз болды. Хирургиялық қызмет бағытында да бірқатар проблемалық мәселелер көтеріліп, шешу жолдары ұсынылды.

«Жайық Үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»