МАЛ ҰРЛАП, МОТОЦИКЛГЕ АЙЫРБАСТАП ЖІБЕРГЕН
БҚО Полицейлері бұл факті бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.
1987 жылғы «У» есімді азамат 1989 жылғы «Н» есімді азаматтың жеке шаруа қожалағында малшы болып жұмыс жасай жүріп, екі ірі қараны ұрлап кеткен. Кейін 1967 жылғы «Е» есімді азаматқа сатып жіберген. «Е» герефорд тұқымды екі сиыр үшін 60 мың теңге және мотоцикл берген. Әрі сатып алушы бұл азамат малдың қасақана қылмыстық жолмен келгенін білген.
Бұл факті «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы кезінде анықталды. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196-бабы, 1-бөлігі (Қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу