8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2018 2109 0
Қоғам

МАҚТАНЫШЫ – ІЗБАСАРЛАРЫ

Педагог қызметі тек қана білімді ғана емес, сонымен қатар үлкен рухты, шыдамдылықты және батылдықты талап етеді. Сондықтан «Ұстаз» сөзін шығыс халықтарында үлкен әріппен жазады. Ұстаздық – бұл демалысты білмейтін мамандық. Тасқала ауданы С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ақылды, білімді, дарынды, әділ, шығармашыл ұстаздар, яғни өз ісінің нағыз майталмандары жетіп артылады. Соның ішінде ең үздіктерінің бірі Николай Васильевич Вологинді ерекше атап өтуге болады. Ол – география, биология пәндерінің жоғары санатты мұғалімі, шебер-педагог, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

Николай Вологин 1957 жылы Камен ауылында қарапайым, шаруа отбасында дүниеге келіп, орта білімді  Камен орта мектебінде  бітіріп, 1975 жылы Дальний Восток өңірінде   Отан алдындағы борышын атқарған. 1977 -1982 жылдары Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтта география пәні мұғалімі мамандығына оқыды. 1987 жылдан бастап Камен мектебінде ұстаздық еңбекке араласып, директорлық лауазымға дейін көтерілді.  Содан бері аталған мектепте  аянбай еңбек етіп келеді. Отбасында екі бала тәрбиелеп  отырған  ардақты әке.

Николай Васильевич – қырық жыл бойы әріптестері мен оқушыларының өсуіне, жетістікке жетуіне аянбай еңбек еткен жан. Оқушыларымен бірге аудандық оқушылар экологиялық станциясында ең елеулі еңбек атқарды. Мұғалім жұмысының негізгі қызметінің қорытындысы ретінде сабақтан тыс оқушылармен ғылыми зерттеу және жобалық ұсыныстарды дайындау, аудандық және облыстық көлемдегі тақырыптық конференциялар, семинарларға қатысу, Қазақстан және Тәуелсіз мемлекеттер достығы  елдерінің білім беру сайттарындағы жарияланымдарын атап өтуге болады. 2009 жылы «Мәскеу халықаралық балалар жасөспірімдер туризмі және өлкетану» академиясының профессоры құрметті  атағына ие болды. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап республикалық педагогикалық шеберлік орталығының сайтында орналасқан биология және география  мұғалімдерінің республикалық желілік  қауымдастығының модераторы, «ПШО, 2 деңгей», «Орал көшбасшылары» атты желідегі қоғамдастықтарының мүшесі.

Білім беру жолындағы ұзақ жылдар ішінде ол көптеген сыйлар мен атақтардың иегері атанды. Алғыс хаттар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Тасқала аудандық АББ, ОблББ, ОСЮН, ОБЖТиЭО мақтау және құрмет грамоталарымен марапатталды. Жемісті еңбегінің қорытындысы ретінде 2017 жылы облыстық білім беру саласында қызмет ететіндердің «Құрмет тақтасына» ілінді.

Николай Васильевич өз ізбасарларын мақтан тұтады. 12 оқушысы ұстаздық қызметті таңдады. Жеті оқушысы биология, география, экология және экономика басты профильді пән болған қызметтерді таңдаған. Дмитрий Лихачев «Өзіңе ғана қызмет етсең, өзіңнің ғана шағын мәселелеріңмен өміріңді өткізсең, бүкіл еңбегіңнің ізі де қалмайды. Ал егер басқалар үшін қызмет қылсаң, олар сол еңбегіңіздің жемісін сақтап қалады» деген еді. Бұл сөздер Николай Васильевичтің еңбегін сипаттайды. Вологин  Николай  Васильевич   2017-2018 оқу жылында ауданда «Үздік ұстаз – 2018» байқауында  жүлделі орын алып,  облыста жеңімпаз атанып, республикалық  байқауға жолдама алды. Әріптесіміздің осындай жетістіктері көп…

  Светлана Ирғалиева, С.Жақсығұлов атындағы орта мектептің қосымша білім беру педагогы

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
329 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
410 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
413 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
452 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
467 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
836 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
962 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
996 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1270 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1279 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1410 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1708 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1805 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1830 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2041 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2314 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»