8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2020 2438 0
Қоғам

МҮСІЛІМ ОҢДАҒАНОВ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ

Осыдан алты жыл бұрын аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын сыбайластарымен бірге жымқырғаны үшін сотталған БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-бастығы Мүсілім Оңдағанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы оның адвокаты Абзал Құспан хабарлады.

БҚО спорт басқармасының бұрынғы бастығы Мүслім Оңдағанов ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Ол мерзімнің жартысын өтеді.

«Қостанай қаласының № 2 соты Мүсілім Оңдағановты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қаулы шығарды» деп хабарлады қорғаушы Абзал Құспан. Соттың шешімі 13 тамыздан бастап күшіне енген.  

Естеріңізге сала кетеміз, Мүсілім Оңдағанов біраз жыл БҚО спорт басқармасын басқарып, спорт саласында табысты жұмыс жасаған. Мүсілім Оңдағанов БҚО облыстық спорт басқармасын 2009-2013 жылдары аралығында басқарды.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
145 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
387 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»