МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН ҚАРАЖАТТЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ
2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізгеннен бастап жарналарды жеке кәсіпкерлер, жалдамалы жұмысшылар, АҚК қызметкерлері және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар төлей бастады. Жұмыс берушілер де өз қызметкерлері үшін жарна төлеуді жалғастыруда. Қордың БҚО-дағы филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова егер төлеуші МӘМС үшін артық төлем жасаған болса, заңнама бұл қаражатты қайтаруға мүмкіндік беретінін айтты.

Артық ақшаны қайтарып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына «төлемді қайтару туралы» өтініш жазу қажет. Төлем жасалғанын растайтын құжаттар (стандартты анықтама немесе төлем құжатының көшірмесі) өтінішке қоса жіберіледі. Мемлекеттік корпорация арызды келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тексеріп, жарна мөлшерін, өсімақы бар-жоғын анықтайды.
Қаржы мынадай жағдайларда қайтарылады:
– қате аударылғанда,
– артық төленгенде,
– төлемнің мақсатты коды қате көрсетілсе,
– МТ 102 форматындағы төлем құжатында қате кеткен жағдайда,
– Төлеушінің реквизиттері дұрыс көрсетілмесе,
– Төлеуші немесе банк қаржыны бірнеше рет аударып жіберсе.
Қазіргі таңда сақтандыру төлемдері жайлы мәліметті «электронды үкіметтің» egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез келген азамат «жеке кабинетке» кіріп, МӘМС төлемдерінің қашан жасалғанын біле алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу