8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қаңтар 2019 3697 0
Қоғам

МҰҒАЛІМНІҢ ДӘРЕЖЕСІ КӨТЕРІЛМЕЙ, ҚОҒАМНЫҢ ДӘРЕЖЕСІ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

           Бүгін облыстық білім басқармасы «БатысБілімТаlks» білім беру лекторийі жобасының V сессиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы, мемлекет қайраткері, ғалым, педагог Күләш Шәмшидинованың қатысуымен өтті. Мәні зор басқосуға облыс әкімі Алтай Көлгінов, білім басқармасы және білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында  Күләш Ноғатайқызы «Өндірістік революция жағдайында адами капитал мен білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптар» тақырыбында баяндама жасады. Бүгінгі ұрпаққа білім жолында көптеген талаптар қойылып отырғанын, оларға заманауи, жаңаша мазмұнда білім берілу керектігін баса айтты. Еңбек нарығына қажетті іс-тәжірибелер, өндірістік революция, жаңа технология, өмірдің барлық қиындықтарына төтеп беру жағдайларына жан жақты сараптама жасады.     – Ұстаз, ол қай уақытта да ұстаз. Біреуге баға бермес бұрын барлығын өте жақсы білу керек. Баланың тәрбиесіне жауапты жалғыз ұстаз емес. Біз бүгінде мұғалімдерді мемлекеттік ата-анаға айналдырып жібердік. Шын мәнінде, баланың өркендеуінде, өсуінде, жетілуінде ұстазбен қатар ата-ана да жауапты. Ұстаз мәртебесі туралы заң қабылдау қоғамның, мемлекеттің, ұстаздың қаншалықты қажет екенін түсінгендіктен жасалып отырған дүние. Ортамызда дұрыс емес ұстаздар бар, соларды жөндеуіміз керек деген оймен қабылданғалы жатқан жоқ. Ол мемлекет үшін, адам тәрбиесі үшін ұстаздың қажеттілігін түсінгендіктен қабылданып жатқан заң деп есептеймін. Өмір болғаннан кейін бала мен ұстаздың, ата-ананың арасында әр түрлі жағдайлар орын алып жатады. Әр жағдайдың өзіндік себебі болады. Оны түсіне білуіміз керек. Қандай жағдай орын алмасын,  ата-ана да, ұстаз да балаға байланысты шешім қабылдағаны жөн. Ол шешім баланың ертең жақсы азамат болып өсуіне бағытталуы қажет. Баланы көзсіз жақсы көру де қаншалықты дұрыс? Бәріміз де ата-ана алдынан өттік. Маңдайымыздан сүйіп, басымыздан сүйіп өсірді. Бірақ, қателігімізді бетімізге айтып, дұрысымызды дұрыс, бұрыс кеткен жерімізде бұрыс деп айтты. Мектептің жұмыстарына ата-ананы жиі араластыру керек, – дейді Күләш Ноғатайқызы.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы Алтай Сейдірұлы:    – Жылдың басында Оралға келіп, тәжірибесімен бөлісіп жатқан Күләш Ноғатайқызына көп рахмет айтамыз. Бұл басқосудың Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылуының өзі тегін емес. Себебі, 10 жылдың ішінде Елбасымыз Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейін халықаралық стандартқа көтерді. Әрине, бұл біріншіден, осы үлкен міндетті орындап жүрген Күләш Ноғатайқызы бастаған ұжым. Осы тәжірибені басқа мектептерге үлгі етуіміз керек. Бұл мектептің тәжірибесін ауыл мектептерімен бөлісуге жұмыстанып жатырмыз. Мектеп басшылары осында келіп, тағылымдамадан өтуде. Себебі, биылдан бастап Елбасы Жолдауына сәйкес, педагогтың мәртебесі туралы Заң қабылданады. Заң жобасы қазір талқылануда. Мұғалімнің дәрежесі көтерілмей, қоғамның дәрежесі көтерілмейді. Сол үшін ұстаздармен жиі кездесіп, мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық, қолдау жасалып жатыр. Қазір үш ауысымды мектептерді жою үшін Президенттің тапсырмасын орындаудамыз. Апатты жағдайдағы мектептерді жою мақсатында қаншама жұмыстар атқарылуда. Мұғалімдердің жалақысы көтерілуде. Енді бізден ата-ана, қоғам не күтіп отыр? Сол орайда сапалы білім берсек. Өмір бір орында тұрмайды. Бәрі күн сайын жаңарып, жаңғыруда. Ол үшін алдымен әр адам өзімен жұмыс жасау керек. Мемлекет басшысы айтқандай, университет жақсы, егер түлектеріне сұраныс көп болса, керісінше жағдайда ойлану керек. Университет неліктен мықты болады, себебі оқытушылары білімді. Сондықтан студенттер де сол оқу орнына көп тартылады. Енді колледждердің жұмысын жандандыруды қолға алдық. Осы орайда төрт бағытта, яғни гуманитарлық, индустриалдық, медициналық, спорттық бағыттарды есепке алдық. Бүгінде төрт колледжге таңдау жасадық. Колледждердің деңгейін көтеру бағытында қазір халықаралық серіктестер іздестірілуде. Алдымен педагогикалық колледжден бастауды жөн санадық. Себебі бұл білім ұясында 2 мыңнан аса студент білім алады. Түлектердің 21 пайызы орта мектептерде еңбек етеді. Екінші бағыт бойынша медициналық колледжде жұмыстар жасалса, үшінші бағыт бойынша мұнай-газ және салалық технологиялар колледжіне финляндиялық серіктес табылып, цифрландыру бағытында  ВІМ технологиясы бойында 3Д форматында жоба қолға алынды.    Жаңа технологиялар алынды. Ұстаздар  шетелде білімін жетілдіруде. Төртінші бағытта спорт колледж интернатымен осы жазда пайдалануға беріледі. Онда жас спортшылар, олимпиада резервтері  білім алады. Халықаралық серіктес табамыз. Осылайша білім сапасын дамытатын боламыз. Осындай жоспарларымыз бар. Мұның бәрі  қағаз жүзінде ғана емес, күні бүгінде нақты жұмыстар басталды, – деді.

Одан әрі ұстаздар қауымын кітапты жиі оқуға, ізденуге шақырған өңір басшысы  жиынға қатысып отырған педагогтардан қысқы демалыс уақытында қандай кітаптар оқығанын сұрады. Алайда, бірлі-жарым ұстаздың ғана кітап оқуға уақыт бөлгеніне қынжылды. – Жақында Абайдың кітабын қайталап оқып отырсам: «Баяғыда бір жолаушы шаршап келе жатса, аттылы адам баратын жеріне жеткізіп салыпты. Сол жақсылығын өмірінің соңына дейін айтып жүруші еді. Қандай жақсы адам деп. Қазір бір жақсылық жасасаң, ендігі жылы ұмытып кетеді. Ол қалай?» дейді. Қазір жылдың соңында емес, бүгінгі жасаған жақсылықты ертесі ұмытып кетеді. Бір жаңалық лезде басқа жаңалықпен алмасып жатады. Осы ауыспалы өмірде базалық сапалы білімнің мәні зор. Абайдың сөздерінің құндылығы жоғалмайды. Сондықтан құнды кітаптарды көп оқығанымыз жөн. Оралда екі жылдан бері мәнді басқосулар «БАТЫС БІЛІМ TALKS»  интеллектуалдық алаңында өтеді. Бұл жерде өз еңбегімен биіктерді бағындырған танымал спикерлер ой бөліседі, – дей келіп, Күләш Ноғатайқызына гүл шоқтарын табыс етіп, ыстық ықыласын білдірді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
304 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
562 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
802 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
837 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
991 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1186 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1421 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1506 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1616 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1624 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1654 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1659 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1762 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1981 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2291 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»