8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Желтоқсан 2020 1824 0
Жалын

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ОРАЛҒА КЕЛДІ

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөліміне Атырау облысынан 40 шақырылушының бірінші легі келді.

               Әскери бөлімнің шеру алаңында оларды бөлімнің әскери оркестрінің дауысы салтанатты жағдайда қарсы алды. Полк командирі, подполковник Ербол Антай әскер қатарына шақырылушылармен амандасып, олардың әскери борышын абыроймен атқаруларына, дені сау және ер азаматқа  тән қасиетттермен оралуларына тілектестік білдірді. Ұлттық Ұландағы уақыт әрқайсының өміріндегі маңызды кезең боларына сенім білдірді. Әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Жәнібек Сәрсенов әскер қатарына алынушыларға әскери бөлімнің тарихы мен дәстүрлері туралы айтып, жас сарбаздар курсын өтеу тәртібі туралы хабардар етті. Алда жас жігіттерді дайындық бөлімшелерінде біріккен қару-жарақ жаттығу курсын күтеді, оны аяқтағаннан кейін олар әскери ант береді.

Алғашқы екі аптада жас сарбаздар карантиннен өтетінін атап өту керек. Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың айтуынша, казармада карантинге қажеттінің бәрі дайындалған. Дезинфекциялаушы сұйықтығы бар диспенсерлер орнатылып, сарбаздардың термометриясы үнемі жүргізіледі. Сондай-ақ психологиялық сараптама мен әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, жеке құрамның арақашықтығына және үй-жайларды үнемі дезинфекциялауға баса назар аударылады.Барлық келушілерге арналған карантиндік шаралардан кейін бөлімнің оқу пункті басталады. Оқу бағдарламасына мемлекеттік-құқықтық, жауынгерлік, дене, өрт және арнайы дайындық қызметтік және жауынгерлік қызметте пайдалану үшін қажетті пәндер кіреді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»