8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2020 1238 0
Қоғам

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНДЕГІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Тараптардың бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Негізгі күн тәртібі министрлік жетекшілік ететін салаларда жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталған. Бейнеконференция байланысы арқылы өткен іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ҚР ҰЭМ, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және «Микрография ғылыми-зерттеу институты» РММ аумақтық бөлімшелері де қатысты.

Кеңесті ашқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде органның қағидаттық ұстанымды ұстанатынын атап өтті. «Бұл бағытта жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізілуде», – деді экономикалық ведомство басшысы.

Бизнес-үдерістерді функционалдық талдаумен және оңтайландырумен байланысты негізгі шаралармен қатар, қызметкерлер арасында адалдық және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамашылық жобалар іске қосылды.

ҰЭМ орталық аппаратында арнайы бөлімше – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы құрылды. Бұдан басқа, әрбір бөлімшеде бір қызметкер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесшінің» міндеттерін орындайды. Мысалы, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың орындалуын қамтамасыз ете отырып, шетелдік серіктестермен келіссөздерге қатысады. Органда мұндай 24 кеңесші  жұмыс істейді.

Жақсартуға ынталандыратын тағы бір құрал – «парасаттылық эстафетасы». Шын мәнінде, бір құрылымдық бөлімше сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмысты орындап, этикалық стандарттарға сәйкестік деңгейін жоғарылатады, содан кейін кезекті жақсарту жұмыстары қажет басқа бөлімге береді.

Өз кезегінде Агенттік спикерлері министрлік қызметіндегі бірінші кезекте бақылау-рұқсат беру функцияларына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне назар аударды. Осы тұрғыда әрбір бөлімше бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ауқымын, сапасын жеделдете арттырудың аса қажеттілігі белгіленді.

Агенттіктің талдаушылары негізгі қиындықтар мен олқылықтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінде шоғырланғанын көрсетті. Бұл ретте экономиканың жекелеген салаларында бәсекелестіктің болмауы сөзсіз сыбайлас жемқорлықты тудыратыны атап өтілді.

Тараптар келесі жылдың бірінші жартысында ашықтық пен айқындық қағидаттарын ескере отырып, ведомстволық бақылауды арттыру мақсатында ұсынымдар мен нақты шараларды әзірлеуге бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы уағдаласты.

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылу барысын жария ете отырып, дербес жауапкершілік туралы нормалар тұрғысынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуын әлсірететін басшыларға қатысты қағидаттық шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл көрсеткіш болашақта сіздің тағдырыңызға және мансаптық өсуіңізге әсер етеді. Бұл тұрғыда бірінші кезекте мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бизнес-үдерістерді толық автоматтандыру және цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет», – деп атап өтті Агенттік төрағасы.

Ол сондай-ақ қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне көшудің маңыздылығын еске салды. Сөз ҚР ТМРК аумақтық департаменттерінде көрсетілетін қызмет алушылар мен тұтынушыларға бағдарланушылық үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы болып отыр.

Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Соловьева сарапшылар қауымдастығының атынан сөйлеген сөзінде «Министрлік қызметкерлері жұртшылық үшін ашылуы тиіс. «Ұлттық экономика министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі оның құрамына және сараптамалық кеңеске азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдерін тарту есебінен өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналуға тиіс» деді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
74 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
145 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
375 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
858 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1236 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1595 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2211 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2376 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2383 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2434 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2438 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2056 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2918 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2972 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2966 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3579 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3547 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3538 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3514 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3674 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»