8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2018 3010 0
Қоғам

ҰЛТ ҰРПАҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ ЕРЕН

Қашан болмасын оқытушыдан да, оқушыдан да шығармашылық пен ізденіс нышаны байқалып, алға ұмтылыс пен тынымсыз әрекет, жемісті еңбек сезілсе, бұл – шәкірт үшін үлкен жетістік, ұстаз үшін таптырмас бақыт. Міне, осындай таптырмас бақыттың иесі, көшбасшы ұстаз Гүлжихан Үмбетқызы – Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің  мақтанышы.

Бүгінде Гүлжихан Үмбетқызы республикалық оқулықтың эксперті, «Өлкетану» оқулығының авторы, облыс көлемінде көптеген авторлық бағдарламалары мен іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістері», «Эссе жазу және оның әдістері» тақырыбындағы шеберлік сағаттарына облысымыздың түкпір-түкпірінен мұғалімдер қатысып, тәлім алуда.

Әр мұғалімнің алдындағы сәулетті мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу.  Осы жолда шабытына шабыт қосатын ұстаздың әр еңбегінің құндылығы, сыры, міне, осында. Білгір ұстаздардың еңбектері – ізбасар әріптестері үшін таптырмас қазына іспеттес. Сабақтың сапалы өтуі мен жүргізілу үлгісінен бастап, дидактикалық материалдары, түрлі үлгідегі сыныптан тыс жұмыстары бір төбе. Жанында жүрген мен сияқты қалыптасу жолындағы жас мұғалімдерге әрдайым «шығармашылық идея керек», «оқушыға жеңіл де ұтымды әдіспен үйретіңіздер», «ескіліктен арылып, жаңашылдыққа ұмтылыңыздар», «әдебиет сабағында мұғалімге жүрек керек» деген әрбір сөзі жас маманның сауырына қамшы салғандай әсер қалдырып, намысқа тырысады.

Ұлағатты ұстазға жолыққан талантты шәкірттердің жұлдызы жарқырай түсетіні, білікті маманнан тәлім алған жас маманның биікке шығары даусыз. Абай Құнанбайұлының сөзімен айтсақ: «Парасаттылықтың мәні – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, білім оның ішкі нәрі, сыртқы шырайы және әрі». Міне, осы парасаттылықтан бастау алған  Гүлжихан Үмбетқызының «әдебиет» атты алып мұхиттың түбінен құнды жауһар іздеген сан мыңдаған шәкірттері мен әріптестері үшін орны ерекше. «Дарынды баланы жақсы мұғалім ғана іздеп таба алады» дейтін Гүлжихан апай шәкірт бойындағы ерекше  қасиетті танып-біліп әрі қарай ұштайды, жас тәлім алушыларды оқушы бойындағы ерекше қасиетті таба білуге үйретеді.

Ұстаздың оқушыны олимпиадаға дайындау жолдары, ғылыми-зерттеу жұмысын жазудағы ерекшеліктер, оқушыны шығармашылық байқауға әзірлеудің тиімді әдістері  жыл сайын  көпшілік  сұранысына ие. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық жолда қарымды қадаммен талмай еңбек етіп келе жатқан ұстаз Гүлжихан Үмбетқызының шәкірттері түрлі додалардың жүлдегерлері. Мектеп-лицейіміз ашылған 2010-2011 оқу жылынан бастаған лицей түлектері Г.Байғабылова, С.Наурызбай, Е.Ақкереев салған жолмен А.Жасқайратова, Г.Қылышбай, М.Жанұзақов, Ә.Бектас, Е.Мыңжасова даңғыл жолды жалғай түсті. Олардың ізбасарлары республикалық  оқулардың, ғылыми жобалардың бас жүлдегерлері Е.Төлеген пен О.Зағыпар, республикалық олимпиаданың «Алтын медаль» иегері Д.Ерғалиқызы, республикалық педагогикалық олимпиаданың жүлдегерлері М.Баймұрат пен Қ.Уәлиев сынды оқушылар ұстаз еңбегінің жемісі.  Алдындағы әр шәкірттің қиялына қанат бітіріп, алыс армандарға жетуге асықтыра түсетінін байқауға болады. Гүлжихан апайда  ақындық шабыт та, ғылыми талдау да, ойын бейнелей, көркемдей жеткізер шешен тілде, көркем шығарманы көз алдыңа елестетер суреткерлік те астасып жатады.

Әдебиет әлеміне ерекше үн қосып, оның дамуы мен гүлденуі жолында талмай қызмет етіп келе жатқан дарынды педагог, жаңашыл, ізденімпаз әдіскердің ұлт ұрпағы жолындағы еңбегі ерен.

Ләззат Құсайынова, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
201 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
296 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
303 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
337 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
356 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
730 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
859 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
893 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1167 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1176 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1306 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1604 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1701 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1727 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1936 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2210 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»