8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қазан 2018 3360 0
Қоғам

«Әлемнің әміршісі – еңбек»

Еңбек күні мерекесі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қаулысымен 2013 жылы бекітілген еді. Мерекенің басты мақсаты – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту. Осы орайда ұйымдастырылған «Еңбек жолы» конкурсы бойынша өңірдегі еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері бүгін Х.Бөкеева атындағы драма театрда өткен «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» форумы аясында марапатталды. Үздіктері республикалық байқауға жолдама алды.

«Үздік еңбек әулеті» аталымында Сәтбаевтар, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында Бөрлі ауданы «Конденсат» акционерлік қоғамы өңдеу цехының басшысы Сырым Қожантаев, «Өндірістің үздік жас маманы» аталымы бойынша Орал қаласы «Батыс су арнасы» ЖШС-ның электромонтері Армат Ғиззат үздік атанды. Жеңімпаздар мен байқауға белсене қатысқандар арнаулы диплом, алғысхаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Еңбек қызметкерлерін облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов құттықтады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
145 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
356 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»