КОРОНАВИРУС: ҚАЗАҚСТАН «ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚТАН ШЫҚТЫ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жариялаған эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Қостанай облысы коронавирустың таралуы жағынан «қызыл» аймақтан шықты.
1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы келесідей:
«қызыл» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары;
«сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары;
«жасыл» аймақта – басқа аймақтар.
Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1259 жаңа жағдайы расталды. Оның 88-і Қостанай облысында.
Бір күн бұрын Алматы COVID-19 жасыл аймағына кірді. Осыған байланысты қалада карантиндік шаралар жеңілдетілді.
Версия для печати
Пікір үстеу