КЕДЕРГІ КЕЛТІРІП, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕП ЖҮРМЕҢІЗ
Соңғы күндері Орал қаласы тұрғындары тарапынан қала ішінде көлік кептелісінің көбеюіне қатысты шағымдар көбеюде. «Қарабалас сағаттарда» ғана емес, тәуліктің кез келген уақытында қаланың орталық көшелерінде, әсіресе Еуразия даңғылы, Құрманғазы және Әйтиев көшелерінде кептеліс көп.

– Бұған, бірінші кезекте қардың мол түсуі себеп. Жолды қардың басуы, күртік көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Қоғамдық көліктерге көбіне нақ жолдың жүретін бөлігінде тоқтауға тура келеді. Сондай-ақ сауда нысандарына келген жүргізушілер де көліктерін көліктер жүретін қатарға қойып кетеді. Осы фактілердің барлығы жинақтала келе апаттық жағдайларды немесе қозғалысты қиындатуға себеп болуда, – дейді Орал қаласы ПБ ЖПҚ аға инспекторы, майор Динара Әбдулхалықова.
Қар тазалау жұмыстарын жеделдету үшін коммуналдық қызметтер 24 сағатттық режимде жұмыс жасауда. Туындаған жағдайға байланысты оларға Орал қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көмек көрсетуде.
– Қар күреу жұмыстарына кедергі келтірген көліктер жолдан эвакуацияланады. ҚР Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекстің 601-бабында көрсетілген ережелерді бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген белгілерді сақтамаған көлік иелері 3 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, – деп түсіндірді Орал қаласы ПБ ӘТ бастығы, полиция подполковнигі Тимур Майранов.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол бойында көлікті қалдырмау қажеттігін, қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеуді ескертеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу