8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Сәуір 2021 2372 0
Өзек

ӘЙЕЛІН 18 РЕТ ПЫШАҚТАП ӨЛТІРДІ

Кеше Оралда Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы қызметкері өз әйелін 18 мәрте пышақтап өлтірді. Оқиға орнынан бой тасалаған айыпты көп уақыт өтпей Орал қаласының басты көшелерінің бірінде қолға түсті.

30 жасар марқұм Бөкейордасының тумасы. Өнегелі отбасында тәрбиеленген ол кеше айдың, күннің аманында өзінің жолдасының қолынан қаза тапты. Айыпты оны 18 рет пышақтаған.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға Орда көшесінде болыпты.

– 1991 жылғы ер адам әйелін пышақтап өлтірді. Күдікті шамамен сағат 17.00-де Абай даңғылы бойындағы жабық Мұз айдыны сарайы тұсында ұсталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ол.

Осы қанды оқиғаға айыпты болып отырған азамат өткен аптаның жұмасы күні Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөліміндегі бас маман қызметінен өз еркімен кетіпті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Орда көшесі, 1/1 мекенжайына жедел жәрдем сағат 16.46-да шақырылған.

– Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенше, зардап шеккен әйелді ауруханаға алып кеткен. Полиция қызметкерлері 30 жастағы әйелді қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Бірнеше мәрте пышақ сұғылған ол ауруханада көз жұмды,– деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Сәуле Зағидоллина.

Белгілі болғандай ерлі зайыптылар жақында ажырасыпты-мыс. Олардың мектеп жасына жетпеген бірнеше балалары бар көрінеді.

Облыста осындай қайғлы жағдай осыдан екі жыл бұрын Тасқала ауданында тіркелген еді. Онда өз әйелін екі қызымен бірге өртеп жіберген қанды қол қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айрыру жазасына кесілген болатын.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»