ӨҢІРІМІЗГЕ 2000 ДОЗАДА QAZVAC ВАКЦИНАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ
Батыс Қазақстан облысына 2000 дозада QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы келді. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың басында Мемлекет басшысы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 QazCovid-in-ге (QAZVAC) қарсы қазақстандық вакцинаны шығарып, халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету туралы тапсырма берген болатын. Қазақстандық вакцинаның ерекшелігі – жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді және плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.
QazVac вакцинасы араға 21 күн салып, екі мәрте егіледі. Екпе алдында міндетті медициналық тексеру жүргізіледі – анамнез тексеріліп, дене температурасы, қысым өлшенеді, қарсы көрсетілімдер ескеріледі. Вакцинациядан кейін екпе алушы 30 минут бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болуы керек. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, ғылыми-зерттеу институты жыл сайын қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы, оның ішінде шетелдерге 27 миллионнан астам дозада түрлі вакциналар жеткізеді. QazCovid-инактивацияланған вакцина (QAZVAC) химиялық заттардың әсерінен бейтарапталған вирус негізінде жасалған.
Айтпақшы, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірінші болып отандық вакцинаны қабылдады. Оралға келген 2000 дозадан тұратын партия, бұрынғыдай, халықты ерікті вакцинациялау жүргізілетін вакцинация орталықтарына таратылады.
Версия для печати
Пікір үстеу