Өңірде 24 жағажай жұмыс жасайды
Өткен жылы облыста 15 адам суға батып кетсе, соның алтауы – балалар. Ал қалада үш адам өткен жылы суға кеткен. БҚО ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері Арыстанбек Танабоздың айтуынша Оралда ағайынды екі жасөспірім суға батып кете қала жаздады.
Оқиға 7 маусым күні кешқұрым мәдениет және демалыс саябағы аумағында болған. «Сағат 20:50-де жаяу жүргіншілер көпірінің астында 11 жасар бала байқаусызда Шаған өзеніне құлап кеткен. Оны құтқарамын деп 16 жастағы ағасы суға секірген. Сол кезде олардың анасы айқайлап, адамдарды көмекке шақырған.
Өзен бойымен патрульдеуде жүрген екі құтқарушы қайықпен жедел көпір астына жеткен. Облыс аумағында биыл барлығы 24 суға түсуге арналған жағажай жұмыс жасайды. Тасқала ауданында 1 коммуналдық, Шыңғырлауда 1 жеке жағажай жаңадан ашылып отыр. Нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған 69 орын анықталды, қазіргі уақытта нақты иелеріне бекіту жұмысы жүргізілуде.
Су айдындарының қауіпті, шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде 307 тыйым салу белгісі мен 77 ақпараттық стенд орнатылған. Сонмен қатар жиырмаға жуық суға шомылу орындарының асты қатты тұрмыстық және қауіпті заттардан тазартылған.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конституции
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО

Кіру
Пікір үстеу