Инвестициялар мен бюджеттердің ашықтығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Нидерланд елшілігінің ынтымақтастығы
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Андрэ Карстенспен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және ортақ жобаларды іске асырудағы екіжақты өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.

Агенттік төрағасы «Protecting Business and Investments» жобасы аясында кәсіпкерлер мен инвестицияларды қорғау шараларына ерекше назар аудара отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бастамалардың нәтижелерімен бөлісті. Ведомство басшысы Агенттік инвесторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсетуді жалғастырады деп сенім білдірді.
Карстенс мырза голландиялық инвесторлардың Қазақстанда жұмыс жасауға деген қызығушылығының жоғары екенін атап өтті. Елші Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы «Green Capital» ЖШС жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті.
Тараптар «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ-мен бірлесіп, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын» дамыту туралы да келісті.
Қазіргі таңда нақты уақыт режимінде картада 7,7 трлн теңгеден астам сомаға ел бойынша әлеуметтік нысандарды салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы жан-жақты мәліметтер көрсетілген.
Кез-келген азамат белгілі бір мемлекеттік мекеменің шығындарын зерттеп, сайтта орналастырылған бюджет пен оның нақты орындалуы арасындағы сәйкессіздік туралы хабарлай алады.
Мемлекеттік аппараттың есептілігін күшейтудің тиімді құралдарының бірі бола отырып, онлайн-карта қоғамдық бақылауды кеңейтуге мүмкіндік береді. Болашақта карта қызметті жеткізушілер мен мердігерлердің барлық тізбегінің мемлекеттік қаражатты игеруін егжей-тегжейлі көрсете отырып, бюджеттік шығыстар мен сатып алулар туралы толық ақпаратты қамтитын толыққанды «ашықтық порталына» айналуы тиіс.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі сындарлы ынтымақтасу мен ортақ бастамаларды бірлесіп іске асыруға өзара сенім білдірді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу