Интернет-алаяққа алданбаңыз!
Бүгінде кең таралған қылмыстардың бірі – ол алаяқтық. Қазіргі дамыған заманда алаяқтар азаматтардың атынан онлайн несие алу және адамдардың интернет-алаяқтық әсерінен қарызға батуы проблемаға айналды.
Интернет желісінде жасалған қылмыстар, оның ішінде әлеуметтік желілерде вирустық сілтемелерді тарату туралы хабарландырулар көп кездесуде. Бұл жөнінде БҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Молдиярұлы Оразалиев ескерту жасап, халықты алаяқтардың құрбаны болмауға шақырады.
Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары:
«Cyberpol» тобы құрылғаннан бері бірнеше қылмыстық істер ашылған. Олардың ішінде эпизодтық бірнеше істер бар. Атап айтқанда, РФ азаматына қатысты 8 эпизодтық қылмыстық іс ағымдағы жылы сотқа жолданды (келтірілген шығын 23 133 500тг.) Сонымен қатар, пәтерді жалға беру сылтауымен «krisha.kz» қосымшасында арқылы алаяқтық жасаған Орал қаласы тұрғыны «М» есімді азаматқа қатысты 5 эпизодтық қылмыс іс сотқа жолданды.
Қазіргі уақытта «WhatSapp» мессенджері арқылы өзін тумасы ретінде таныстырып алаяқтық жасаған облыстың 3 тұрғынына қатысты эпизодтық қылмыстық істер сотқа жолдау жоспарлануда (келтірілген шығын 1 275 100 тг.).
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыс тұрғындарына интернет – алаяқтар тарапынан 784.446.642 тг. шығын келтірілді, оның 37.050.903 тг. жәбірленушілерге қайтарылды.
Жалпы тіркелген 333 интернет-алаяқтық фактілерінің 75-сі зейнеткерлер, 33-і мұғалімдерге, 41– дәрігерлерге, 88– жұмыссыздарға және 96-сі жеке кәсіпте жүрген тұлғаларға қатысты жасалған.
Қазіргі уақытта алаяқтықтың ең көп таралған түрлері бұл банк қызметкері болып таныстыру – 279 факті тіркелді, танымал қосымшалардан тауарлар сатып алу – 26 факті, инвестиция – 11факті және тағы да басқа 17 факті тіркелді.
2024 жылы 3 мәрте «Anti-Fraud» республикалық және «Stop-интернет алаяқтық» облыстық ЖПІШ өткізіліп, іс-шара барысында 54 қылмыс ашылды.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру