8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Ақпан 2021 1225 0
Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР МЕРЕКЕ ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН

Қазақстанда спорт жаттықтырушысы күнін ресми түрде мерекелік күндердің тізбесіне енгізу ұсынылды. Бастаманы республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қазақстандық спортшылар одағы» көтерді деп хабарлайды Азаттық рухы.

«Елімізде көптеген кәсіби мереке бар: мұғалімдер күні, энергетика күні, қаржыгер күні және тағы басқа. Алайда бұл мерекелер тізімінде спорт жаттықтырушысы күні жоқ. Сондықтан біз спорт жаттықтырушысы күнін еліміздің кәсіби мерекелер күнтізбесіне ресми түрде қосуды ұсынамыз», – дейді одақ төрағасы Азамат Қарлығашев.

Ол жаттықтырушы күнін 7 сәуірде атап өтуді ұсынды. «2021 жылдың 7 сәуірде еліміздің атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын тойлағалы отырмыз. Сондықтан біз спорт жаттықтырушысы күнін дәл осы күні атап өту керек деп санаймыз», – дейді «Қазақстандық спортшылар одағының» төрағасы.

Бұл бастаманы қазақстандық спорт ардагерлері Болат Теміров те қолдап отыр. Оның сөзінше, Қазақстанда еңбек сіңірген жаттықтырушылар көп. «Олардың көпшілігі әлем чемпиондарды тәрбиелеп, Қазақстанның атын шығарды. Алайда, олардың кәсіби мерекесі жоқ», – дейді бокстан КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, қазақстандық спортшылар одағының құрметті мүшесі Болат Теміров.

Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері Садық Мұстафаев елімізде жаттықтырушыларға басымдылық берілмейтінін атап өтті. «Олар оқушыларының көлеңкесінде қалып жүр. Әрине, жаттықтырушыларға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуі қажет», – дейді Садық Мұстафаев. Қазіргі уақытта «Қазақстандық спортшылар одағы» президент әкімшілігі мен мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс хат жолдағаны белгілі болды.

https://kaz.nur.kz/society/1900996-elimizde-tagy-bir-mereke-paida-boluy-mumkin/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
138 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
382 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»