8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2020 1383 0
Өзек

ЕКІ ЗЕЙНЕТКЕРДІ АЯУСЫЗ ӨЛТІРГЕНДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Қатыгез қылмыскерлердің біреуі 21,  екіншісі 23  жылын енді темір тордың арғы жағында өткізеді. 

2019 жылдың 7 қыркүйегінде Орал қаласы Циолковский көшесі 53  мекенжайында1934 жылғы Матрена Кулакованың және оның 1959 жылғы ұлы дәрменсіз жағдайдағы, яғни церебралды сал ауруымен ауыратын, екінші топ мүгедегі Константин Кулаковтың денесі табылған еді. Қылмыскерлер зейнеткерлердің үйінен 130 мың теңге көлеміндегі ақша және 75  мың теңгеге бағаланатын алтын бұйымдар ұрлаған. Қатыгездікпен жасалған қылмыс қаланы дүр сілкіндірген еді. Қылмысты ашуға Полиция департаментінің барлық күші жұмылдырылып, полицейлер қылмыскерлерді ұстады.

– Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес екеуінің де өлімі тұншығу және жабық бас-ми жарақатынан болған. Қылмыскерлер өздерінің арам пиғылдарын мұқият ойластырып, іс жүзінде ешқандай дәлел қалдырмаған. Қылмыстық іс біраз уақыт ашылмады. БҚО Полиция департаменті бастығы М.Аблазимовтың тапсырмасымен құрамына үздік криминалистер және тергеушілер енгізілген арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Көптеген нұсқалар қаралды. Тіпті осы іске жанама түрде қатысы бар немесе іс бойынша кез келген ақпаратқа ие адамдар тексерілді. Жүргізілген кешенді жедел тергеу шаралары барысында үш адам күдікке ілінді. Олар 1992 жылғы «Т», 1993 жылғы «З», 1991 жылғы «К» атты азаматтар. Олардың біреуі өз кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті сату орындарын көрсете отырып, тергеумен ынтымақтасуға келісті. Қалған екеуінің кінәсі тергеу арқылы дәлелденді, – деді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 1992 жылғы А.Тюклинді 23  жылға, 1993 жылғы М.Зимухановты 21жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ал 1991 жылғы А.Кибашев ұрлық жасағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»