Екі дүркін әлем чемпионы полицей болғысы келеді
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының кішкентай 12 жасар тұрғыны полиция қызметкері болсам деп армандайды.

Бахирев Давид Сергеевич – 12 жаста, 6 сынып оқушысы. Спортпен 2017 жылдан бері, яғни бес жастан бастаған. Осы кезге дейін TAEKWONDO ITF, бокс, еркін күрес, футбол спорт түрлерімен айналысып келеді.
Осы спорт түрлерінен түрлі чемпионаттар менжарыстарға қатысып, бірнеше жүлде иегері атанды.Оның спорттық қоржынында 70 –тен астам медаль мен марапат парақтары жинақталған.
Соның ішінде Давид Қазақстанның бірнеше қалаларында TAEKWONDO ITF бойынша оздырылған сайыстардың абсолютті чемпиониегері. Сондай-ақ, осы спорт түрі бойынша Беларусия мемлекеті Минск қаласында өткен әлем кубогының екі дүркін чемпионы. Ресей елінің бірнеше қалаларында өткен TAEKWONDO ITF и КИКБОКСИНГ бойынша халықаралық турнирлердің көп дүркін чемпионы. Орал қаласында KUDO бойынша жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.
БҚО Бокс Федерациясы ұйымдастыруымен өткен Батыс Қазақстан облыстық чемпионатының екі дүркін чемпионы (2021 және 2022ж.)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған жеңіл атлетикадан Орал қаласының ашық чемпионатында 300 м. жүгіруден алтын жүлде иегері.
Сондай-ақ, Шешен республикасы Грозный қаласында аралас жекпе-жектен ММА бойынш жарыстың күміс жүлде жеңімпазы атанған екен.
Бүгінде Давид «қызыл белбеу» иегері және спорт шеберінің кандидатына жаттығу үстінде.
Давид кішкентай жүрегімен полиция қызметкері болсам дейді. Кішкентай болса да, осы 12 жасына дейін үлкен белестерді бағындырған балақай жол сақшысы болсам деп өзіне мақсат қойған екен. Тіпті, қызыққаны соншалық, өзіне арнап полиция қызметкерінің нысанды киімін де арнайы тіктіртіп алған. Оның бұл қызығушылығын естіген полиция қызметкерлері оған қолдау білдірді. Департамент басшылығы оны қабылдау шықырып, сәттілік тіледі. Осы жаста талай сайыстарды бағындырған балақайға қолдау білдірген БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ж.Ж.Жаншин Давидтің қолын алып тұрып, болашақта полиция қатарына шақырды. Бойында мақтаныш пен сенім оты ойнаған ол полиция қызметінің күнделікті қызметімен танысты. Орал қалалық патрульдік полиция батальонының кешкі таратылымынақатысып, тәртіп сақшыларының тапсырма жазып, берілген пәрменді бұлжытпай орындау барысынатаңдана қарады. Одан әрі патрульдік полиция көлігіне мініп, қала тыныштығын күзететін полицейлердің қызметін өз көзімен көрді.
Сонымен қатар, кездесу кезінде Қазақстанның «Динамо» дене-шынықтыру және спорт қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Е.Ставкин жас спортшына қуана динамошылар қатарына қосып, арнайы сыйлықтар тарту етті.
Давидтің отбасында үш ер бала өсіп келеді. Ол бауырларының ортаншысы, алдында 27 жасар ағасы мен артында 3 жасар інісі бар. Давидтің атасы бұрын еркін күреспен айналысса, ал ағасы Илья бір кездері грек-рим күресімен және кикбоксингпен айналысса керек.
«Давид жас болса да оның биіктерге қол созған армандары тым бөлек. Ол өскенде полиция қызметкері болсам дейді. Баламның қиын да қауіпті салада еңбек етуге құлшынысы зор. Давид өзі бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын, қайсар бала. Сондықтан оның полиция қызметкері болуына еш қарсылығымыз жоқ. Өмірде жолы болсын! Қолдау білдіреміз», – деп әкелік қолдауын білдірді Сергей Сергеевич.
Біз де өз кезегімізде өмірге деген құлшынысы осы кезден тым биіктен бастау алған Давидке арман-мақсаттары орындалып, мақсатына жетуіне тілек білдіреміз. Адамға биікке самғау үшін қанат бітіретін ол – арман. Армандарың орындалсын, Давид!
Асылай ГУБАШЕВА,
БҚО ПД баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру