ӘДІЛ ӘРІ ШЫНШЫЛ АЗАМАТ ЕДІ
Бүгін, 74 жасқа қараған шағында Ақ Жайық өңірінің азаматы, «Ақас» агрофирмасының жетекшісі, «Ақас» ЖШС-ның құрылтайшысы, 5, 6, 7-ші шақырылымдағы БҚО мәслихатының депутаты Қатауолла Мерәліұлы Ашығалиев қайтыс болды.
Ол – әділ әрі шыншыл азамат болатын. Облыстық мәслихаттың әрбір жиынында шырылдаған шындықты айтып, мінберге шығатын. Өзі секілді депутаттарға және баяндамашыларға орынды сауал жолдайтын. Өлкенің экономикасына, ауылшаруашылығына, әлеуметіне жаны ашып отыратын. Әсіресе, мал шаруашылығы, ауызсу тағы басқа мәселелерді көтеретін.
Қатауолла Ашығалиев 1948 жылы 26 ақпанда дүниеге келді. Өз еңбек жолын өте ерте бастаған Қатауолла Мерәлі ұлы Кеңес Одағы қатарына дейін шопан, слесарь, жүргізуші болып еңбек етті. 1970-75 жылдары Саратов политехникалық институтының автомобиль көлігін пайдалану жөніндегі инженер мамандығын алып шықты. 2003 жылы диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
Өз ісінің шебері Қ.Ашығалиев 1975-77 жылдары автокөлік кәсіпорындарында инженер, бөлім бастығы, директордың орынбасары болса, 1977-85 жылдары Чапай автокөлік кәсіпорнының бастығы, облыстық басқармасы бастығының орынбасары болып таағйындалды.
«Қайта құрудың» өте қиын жылдары еңбекқорлығы, ұйымдастырушылық қабілеті арқасында қалалық атқару комитетінің төраға орынбасары қызметінен қала әкімшілігі басшысы лауазымына көтерілді.
1995 жылы «Ақас» агрохолдингін ұйымдастырды. Мал шаруашылығы, құс өсіру, өсімдік шаруашылығымен айналысатын, 400-ден аса адамды еңбекпен қамтыған қазіргі заманғы жоғары технологиялы ұжымдардың біріне айналдырды.
Қатауолла Ашығалиев – республикалық «Онжылдықтың үздік кәсіпкері» байқауының жеңімпазы, «Құрмет белгісі», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталып, «Ауыл шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қызметі» атағын иеленген майталман.
Өз өмір жолында әділдігімен, турашылдығымен ел есінде қалған атпал азаматтың отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.
«Жайық үні» ЖШС газетінің редакция ұжымы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу