«ДЕМЕУШІЛІК, ШАРАПАТ – АЛАР ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫН»
Ел болып етегіміз жиғалы бері де жан жылуына зәру қандастарымыз бен қарлығаштарымызға Мемлекет басшысынан бастап барша азаматтар демеушілік жасауда. Түрлі акциялар ұйымдастырылып оң нәтижелер көрсетуде. Соның бір көрінісі ретінде Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатымен 10 қаңтарынан бастап республика көлемінде «Қамқорлық» акциясы өткізілуде.

Акция аясында оқумен қамтылмаған балаларды анықтауда аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім, жартылай жетім балаларға қолдау көрсетуге, әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмей қалуының алдын алуға байланысты біршама жұмыстар атқарылды. Мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және халықтың назарын аударып, міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқу жылы басталғалы Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББ мектебінде «Қамқорлық» акциясы екінші рет ұйымдастырылып отыр. Әрдайым көмек қолын созудан қашпайтын, акцияның жандануына №14 округі бойынша қалалық мәслихаттың депутаты Тұрарбек Тлемісов игілікті іс жасап, үлкен адамгершіліктің белгісін көрсетіп келеді. 10 аз қамтылған отбасыға 48 000 теңге көлемінде тамақ қорымен көмектесті. Мейірімі жүрекке толы жандар тағы да 10 аз қамтылған отбасыға тұрмысқа қажетті химиялық заттар алып берді.
Мектебіміздің ата-аналары да бұл акциядан тыс қалмай, демеушіліктері ретінде 1 отбасыға 1 айға жететіндей тамақ қорымен және 4 оқушыға сабаққа қажетті кеңсе тауарлары мен киім-кешекпен көмектесті.
Қайырымдылық жасау тек киім-кешек немесе зат алып беру ғана шектелмейтіні белгілі. Сондықтан мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына екінші жыл қатарынан «Қамқорлық» акциясына белсене қатысып отырған демеушілерміздің бірі «Мастерская красоты» сұлулық салонының шебері Татьяна Руденко 15 ұл мен 2 қыздың шаштарын тегін қиып шарапатын тигізді. Сонымен қатар мектебіміздің түлегі Нұржан Жылқышбаев бастауыш сыныптарынан 7 аз қамтылған отбасы балаларының шаштарын соңғы үлгіге сай қидыртуына демеушілік көрсетті.
Бұдан бөлек мектебіміздің 9-сынып оқушылары еңбек және соғыс ардагерлерінің үйіне барып, аулаларын қардан тазалауға қол ұшын берді. Әжелердің алғысын алды.

«Демеушілік шарапат, алар елдің алғысын» демекші, тұрақты демеушілеріміз де қайырымды қамқоршы ісінен таймай, ел батасын ала берсін демекпіз. Бір-бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын!
А.Елеуова,
Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ әлеуметтік педагогы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу