«COLLEGE STARTUP» БИЗНЕС ЖОБА БАЙҚАУЫ
Оқушылар және жастар сарайының «Бастау» коворкинг орталығының базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерді кәсіпкерлік ортаға бейімдеп, шығармашылық әлеуеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «College startup» облыстық бизнес жоба байқауы оздырылды.

dav
«College startup» облыстық бизнес жоба байқауына қазылар алқасы ретінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ, БҚО Кәсіпкерлер палатасының, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері шақырылды.
«College startup» облыстық бизнес жоба байқауының ІІ кезеңіне 20 жоба өтіп, қорғалды.
Байқау барысында арнайы мамандар студенттерге болашақта жобаларын жүзеге асыру жөнінде құнды кеңестер берді.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаздар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды. І орын – Бөрлі колледжінің студенті А.Сембиева (жетекшісі С.А. Дьяченко), ІІ орын – Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті А.Елкина (жетекшілері Т.Т. Ахментаева, М.Г. Масагутова), ІІ орынды – Қаратөбе колледжінің студенті М.Нурманова (жетекшісі А.А. Гатауова), ІІІ орынды – Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Н.Галкина (жетекшісі Н.В.Сладкова) мен Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенті Қ.Кузанбаев (жетекшілері А.Е. Беккалиев, Э.А. Мамбеталиева) иеленді.

«Инновациялық жоба» аталымы бойынша Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің студенті А.Сайлаудың (жетекшілері С.Н. Елешев, Н.Т. Набиуллинов), «Үздік өндірістік жоба» аталымында М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенті К.Кабдоловтың (жетекшісі Г.Қ.Есмухамбетова), «Болашаққа бағдар» аталымында Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенттері Е.Риздыханов пен Т.Егінбайдың (Г.Т. Каргина), «Агроөнеркәсіп бағытындағы жоба» аталымында Рубежка колледжінің студенті Д.Бурмантовтың (жетекшісі О.В.Есенбеков), «Үздік жоба» аталымында Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің студенті Б.Жұмағұловтың (жетекшісі Н.Д. Айталипова) жобалары үздік деп танылды. Қатысушыларға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаты табыс етілді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конституции
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО

Кіру
Пікір үстеу