Бюджеттің атқарылу барысы талқыланды
Бүгін, мамырдың 18-і күні қалалық әкімдікте сегізінші шақырылым бойынша Орал қаласы мәслихатының үшінші кезекті сессиясы болды. Жиынға қала әкімі Миржан Сатқанов, мәслихат депутаттары,басқарма және бөлім басшылары, кенттік округтің әкімдері қатысты.
Жиналысты ашып жүргізген Есентай Қалиев күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырды. Бұдан кейін қала әкімі Миржан Сатқанов Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 131 – бабына сәйкес 2022 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуының жылдық есебі жөнінде толығырақ тоқталды.
– 2022 жылдың қорытындысы бойынша қалалық бюджеттің негізгі көрсеткіштері келесідей құралды. Түсімдер – 41 684, 1 млн.теңге. Шығыстар – 41 204, 8 млн.теңге. Жыл қорытындысындағы нәтиже бойынша бос қалдықтар – 479,3 млн.теңге. Өткен жылғы бюджеттің түсімдер бөлігі 41 684, 1 млн.теңге орындалды. Қалалық бюджеттің өз кірістері 21 766, 2 млн.теңгеге орындалды. Кірістер бөлігінің орындалмауының негізгі себептері, дағдарысқа қарсы салық режимінде жұмыс жасайтын бизнес субьектілерінің салықтан босатылуынан пайда болды. Игерілмеген қаражат бөлігі 95,6 пайыз немесе 1 874,9 млн. теңгені құрады. Жылдың қорытындысы бойынша игерілмеген сома 1 874, 9 млн.теңге. Игерілмеген соманы үй құрылысын салуға жұмсап, екі – үш жылдан кейін кері қайтаруды жоспарлап отырмыз. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында депутаттар, сіздердің бірлесіп жасаған жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, сіздердің тараптарыңыздан айтылған ұсыныс-пікірлеріңіз міндетті түрде ескеріледі, – деді шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы.
Жиын барысында қала әкімі сессияға қатысушылар тарапынан қойылған көптеген сауалдарға жауап беріп, барлық айтылған мәселелердің орынды екенін жеткізді. Қалалық мәслихат сессиясы туралы «Жайық үні» газетінің келесі бейсенбіде шығатын нөмерінен толығырақ оқисыздар.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу