8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2021 1326 0
Қоғам

Бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы беріледі, – бұл туралы  ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте онлайн режимде өтіп жатқан Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауды күшейту және оларды экономикалық өмірге араластыру бойынша шаралар іске асырылады.

Жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесі 2020 жылғы 23 пайыздан 2025  жылы 30 пайызға дейін артады. Осы жылы мүгедектігі бар адамдардың 80 пайызы қажетті техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі, ал 2025 жылы барлық мұқтаж адамдар толығымен қамтылады, – деді Мамин отырыста.

Премьер-министрдің сөзінше, үнемі күтімді қажет ететін және жеке көмекшінің қызметтерін пайдаланбайтын бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтың барлығына 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы берілетін болады.

5 жылдың ішінде бұл мақсаттарға 73,2 млрд теңге бөлінеді. 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша 15 орталық ашылады, – деп түсіндерді Мамин.

https://baq.kz/news/othernews/birinshi-toptagy-mugedektigi-bar-azamattarga-aleumettik-zhardemaky-beriledi/

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
81 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»