8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2020 1050 0
Қоғам

БІЛІМНІҢ САПАСЫН ТҮСІРМЕУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Қашықтан оқыту форматымен бастау алған жаңа оқу жылының үшінші айына қадам бастық.  Білім беруде дәстүрлі оқытудың тиімділігі зор болғанымен, жаңа жүйенің да мүмкіндіктерін пайдаланып, білімнің сапасын түсірмеу қажет.  Әсіресе, білімді дамытуда, оның сапасын қамтамасыз етуде мектеп мұғалімдері және педагог кадрларды даярлайтын оқу орындары маңызды рөлге ие. Бұл «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде ұйымдастырылған диалогтық алаңда талқыланды.

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында білім беруді дамыту мәселесіне айрықша тоқталды. Жолдауда берілген Президент тапсырмасына сәйкес қолға алынған іс-шаралардың қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқаны «Nur Otan» партиясы өкілдері мен университеттің  профессор-оқытушыларының басқосуы барысында әңгіме өзегіне айналды. Қашықтан оқытудың кемшілігі мен артықшылығы, кемшін тұстарды жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қозғалды.

– Ортақ мақсатымыз – сапалы білім беру жүйесін жолға қою. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – өңіріміздегі мұғалім мамандарды дайындайтын алдыңғы қатарлы оқу орны. Бұл білім ордасының өзіндік тәжірибесі, өзіндік бағыт-бағдары бар. Бүгінгідей пандемия жағдайында білім беру мекемелерінде қашықтан оқыту форматы жүзеге асырылуда. Мұндай жағдайда білім беру саласын ақсатып алмау үшін қашықтан оқытудың өзіндік әдіс-тәсілдерін меңгерген педагогтарды дайындауымыз керек. Бұл оқу орнындағы ғалым-ұстаз, профессорларға жауапкершілік жүктейді. Студенттер жан-жақта отырғандықтан, оларға қашықтан беріліп отырған материалдардың сіңірілу деңгейі, сапасы қандай, бұл ретте кері байланыс қалай ұйымдастырылып отыр  деген мәселеге назар аударылуы қажет, – дейді «Nur Otan» партиясының мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шалқыма Құрманалина.

Қашықтан білім берудің сапалылығы интернеттің жай-күйіне де байланысты екені жасырын емес. Кейбір елдімекендерде интернет байланысы төмен екенін ескерсек, сол ауылдарда тұратын студенттер интернет-ресурсқа қосыла алмағандықтан дәріске қатыса алмай қалады. Салдарынан өтіп жатқан тақырыптың мазмұнын игере алмайды. Сол себепті педагогтар «ZOOM» бағдарламасымен өткізілген сабақтардан кейін ауыл аймақтағы студенттермен әлеуметтік желілер арқылы байланысып, ақпаратты жеткізуге тырысады.

–  Университетке түскен әр шәкірттің ынтасы, оқуға құлшынысы жоғары. Қашықтан оқыту форматында бейнероликтер, түрлі сілтемелер, презентациялар қолданамыз. Дәрісті желіде оқуға болады, ал семинарлар мен студенттердің өзіндік жұмысын бетпе-бет қабылдаған ыңғайлы,  – дейді университеттің мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушы магистрі Жанерке Тапаева.

Осы ретте білім сапасын жоғалтпаудың жолы туралы ойымен бөліскен педагогика ғылымдарының докторы, профессор, университеттегі «Рухани жаңғыру» институтының директоры Абат Қыдыршаев  оқу орнындағы студенттердің 50 пайызын болса да дәстүрлі  форматта оқытуға оралуды ұсынды.

– Мемлекет басшысы айтқандай, онлайн оқыту жүйесіне дайын емес екенбіз. Егер осы кем-кетігімізді жасырсақ, өскелең ұрпақ бар білгенінен айырылады, оқу процесінің сапасыздығы еселеп артады. Бұл елдің  дамуына кері ықпал етері анық. Өткен оқу жылының соңғы айлары мен жаңа оқу жылының екі айын қашықтан оқыту жүйесімен жүргіздеміз. Біздің студенттеріміз қазіргі дағдыға үйреніп қалды. Барынша тырысып, ізденіп, қашықтан оқу үрдісінен қалыс қалмай, экранға шығып, дәріс-сабақтарға қатысуда. Қалада тұратын студенттер ішінде университетке ара-тұра келіп-кетіп тапсырмаларын да алып жүргендері бар. Десек те, қазіргі білім жүйесіне сырттай қарап, «әттеген-ай, бұрынғы кезге  оралсақ» дейтін кездеріміз бар. Президенттің  өзі де мектепте оқуды дәстүрлі жүйеге келтіру туралы айтқан еді. Күні кеше Үкімет мүшелері білім ұясында 300 оқушыға дейін оқыту туралы шешім қабылдады. Университеттер де толықтай көшпесек те, 50 пайыз білім алушыларды қамтып дәстүрлі оқытуды жандандыру қажет-ау деп ойлаймын,   – дейді Абат Сатыбайұлы.

Қазіргі уақытта М.Өтемісов атындағы БҚУ барлық пән мұғалімдерін даярлайды. Университеттің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Түймеш Дәрішева  атап өткендей, кадр даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.  Пәндер бойынша әдістемелік дағдыларды меңгертетін педагогтар жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу үшін мектептерде ауқымды курстардан өткен. Ендігі кезекте мемлекет тарапынан қойылған мақсат-міндеттерді  орындайтын жаңа кадрлар тобы даярлануда. Оқытушылар құрамы студенттермен тығыз байланыс жасап, топ кураторлары тағылымды кураторлық сағаттарын өткізуде.

Жиында оқытушылар білімді елдің болашағына, бүгінгі мектептердің заман көшінен қалмауына, білімді жастардың егемен елдің тірегіне айналуына жауаптылық басты орында екенін жеткізді. Елдегі жағдайға байланысты қашықтан оқыту форматы қолданылуда. Алайда, бұл жылдар бойғы дәстүрлі білім беру дағдысын жалғастыруға кедергі келтірмейді. Қашықтықтан оқытудың дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейтін, тіпті, одан да жоғары болатын тұстары бар. Мәселен, қашықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады. Ал білімді практикада, жұмыста бірден қолдана білу олардың білімдерін бекітеді.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
34 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
125 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
348 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
835 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1213 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1124 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1572 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2187 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2354 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2360 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2412 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2414 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2041 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2895 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2949 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2944 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3526 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3514 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3491 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3652 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»