8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2020 1524 0
Өзек

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МАЛ АЗЫҒЫ ТАПШЫ

Батыс Қазақстан облысының шаруалары малға қысқы азық таппай тарығып отыр. Өйткені биыл жарытып шөп шықпаған. Осыдан болар бар азықтың бағасы жылдағыдан еселепті. Жауапты мамандар биыл өңірдегі өзен-көлдерге су жеткілікті деңгейде келмеді әрі жарытып жаңбыр да жаумады деп отыр.


Жағдай аймақтағы Қазталов, Ақжайық және Жаңақала аудандарында ушығып тұр. Кейбір қожалық қысқы мал азығын қазір басқа аудандардан тасып жүр. Шаш-етектен шығынға батса да, қолдағы малды сақтап қалудың жалғыз амалы – осы. Ал жағдайы жетпегендер қамыс пен қоғаны шауып жатыр. Бірақ қыстан қиналмай шығуға бұл да жеткіліксіз екенін мойындайды.

– Мал азығы жоқ. Енді білмейміз, проблема болып жатыр. Өзекті мәселе жасыратыны жоқ. Қозғау керек. Қозғағанда кім қозғайды? Енді Үкіметтен бір көмек сұраймыз. Басқалай қайда барамыз,- дейді ауыл тұрғыны Әділбек Жанболатов.

Өңірде биыл жауын аз түскен. Сырттан келетін тіршілік көзінің мөлшері де азайған. Осылай деген жергілікті атқамінерлер қуаңшылық мал азығының қымбаттауына түрткі болғанын айтты. Қазір бір бума шөп 9 мың теңгеге дейін саудалануда. Бұл мәселе сала мамандарына таныс. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Жақсығали Жамбаев бағаның шарықтауына ешқандай шара қоладана алмаймыз дейді.

–Қазір облыстың үш ауданындағы шаруа қожалықтары көрші аудандардағы әріптестерімен келісім жасап, артылған шөпті тасып жатыр. Осы келісімге сай 30 мың тоннаға тарта шөп жеткізілді. Қазір аудандардағы бір бума шөптің бағасы 4000-9000 теңге аралығында. Бірақ біз бағаны реттемейміз. Оған құзырымыз жоқ, – деді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Жақсығали Жамбаев.

Жаңақала ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшин шөп басқа аудандардан жеткізіліп жатқан соң қымбат болатынын айтып отыр.

– Тасымалданған шөптің бағасы әрине қымбат. Бізде бес ауылдық округтерінде мал азығын жеңілдету бағытында аудандық бюджеттің төтенше жағдайлар резервінен жану-жағармайын бөлу арқылы жұмыстар жүргізілуде. Бұл аз қамтылған отбасыларына ғана қаралып отыр,– деп мәлемдеді Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин.

Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, өңірде қысқы мал азығын дайындау жоспары 96 пайызға орындалыпты. Дегенмен шаруалар қағаздағы деректің малға азық болмайтынын жақсы біледі. Олар енді төрт түліктің санын азайтып, мал басын ықшамдауға кіріскен.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
137 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
145 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
274 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
535 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
585 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
654 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
680 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
726 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
948 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
964 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
918 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»