8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2019 1444 0
Қоғам

БАСТЫ ӨЗГЕРІСТЕР – КӨМЕКТІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

               Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев облыстық мәслихаттың мәжіліс залында тұрғындармен жүздесіп, өзекті мәселелерін саралады.

6912 көпбалалы отбасында 28253 бала бар

Жиынды ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов: – Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде әлеуметтік саясат саласына ерекше тоқталып, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде жаңа ауқымды шаралар ұсынды. Осы жұмыстарды Мемлекет басшысы Үкіметке, әкімдерге, «Нұр Отан» партиясына нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін атсалысу қажетін тапсырды. Осы мақсатта өңірімізге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған үлкен делегация келіп отыр, – дей келіп, құрметті қонақтарға Ақ Жайық еліне «қош келдіңіз» айтты. Өңір басшысының мәлімдеуінше, облыста 6912 көпбалалы аз қамтылған отбасында 28253 бала тәрбиеленуде. Мемлекет тарапынан көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тұжырымдамасына сәйкес былтыр 16 мыңға жуық азамат қолдау алған болса, биыл 25 мыңға дейін жетеді деген болжам бар. 18 жасқа дейінгі 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі бала күтімімен отырған 3000 ата-анаға берілетін жәрдемақы 30 пайызға көбейеді. Бюджеттегі төменгі жалақы алатын азаматтардың да жалақысы 25 пайызға көтеріледі.

Жүздесуде алдымен Елбасына тапсырмасына сай жаңа өзгерістер мен тәртіптердің қалай жүзеге асырылатынын алдымен  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова түсіндірді. – Жақында ғана «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы жаңа әлеуметтік іс-шаралар туралы үлкен тапсырмалар берді. Осыған байланысты Елбасы барлық іс-шараларды уақытында жүзеге асыруды, ол үшін халықты болып жатқан өзгерістермен таныстыру, әрі осы іс-шаралардың орындалуына бақылау жасауды нықтап айтты. Сондықтан Үкімет мүшелері батыс өңіріндегі облыстарды аралап жүрміз. Басты мақсатымыз – түсіндіру жұмыстары. Қазіргі басты өзгерістер, аз қамтылған, ең көмекті қажет ететін отбасыларға, балаларға көмек беру. Сондай-ақ ең төменгі айлық табысы бар азаматтарды қолдау. Әсіресе, бюджеттік мекемелерде істейтін қызметкерлер. Екінші, баспана мәселесі. Жаңалықтар енгізіліп жатыр. Әрі медицина мен білім саласындағы беріліп жатқан сапаны арттыру. Үшінші, өңірлік даму. Жолдар, ауыз су, энергиямен қамту – осының бәрі тапсырмада айтылды, – деді Гүлшара Наушақызы.

«Тек отбасының жеке куәлігі ғана қажет»

Бұдан соң сөз алған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев: – Ең негізгі саясат – қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарты. Оның қалай жүзеге асып жатқанын сіздердің күнделікті өмірлеріңіз дәлелдейді. Соңғы кезде мемлекетімізде қабылданып жатқан бағдарламалар сіздердің тұрмыстарыңызды жақсартуға арналған. Ең бірінші, жалақы мәселесі. Бюджеттік мекемеде қызмет істейтіндердің, оның ішінде ең төменгі жалақы алатын азаматтардың айлығы 1 шілдеден бастап орта есеппен 15 пайыздан 30 пайызға дейін өседі. Бұл өсіммен ең кем дегенде бір миллионнан астам қазақстандықтардың жалақысы көтеріледі. Бұл негізінен білім, денсаулық, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлерін қамтиды. Методистер, психолог, тәрбиешілер, санитарлар, медбикелер кіреді. Бұған қосымша 1-8 разрядтағы слесарьлар, сантехниктер, электромонтерлардың жалақысы орта есеппен 25 пайызға өседі. Түрлі деңгейдегі әкімшіліктерде жұмыс істейтін халықпен тікелей байланыс жасайтын қызметкерлердің де жалақысы артады. Болжамымыз бойынша кем дегенде 75 мың адам қамтылады. Келесі мәселе, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына көмек. Кейінгі кезде жәрдемақыны тағайындау үшін алатын табыстың көлемі жиі көтеріліп жүр. Бірінші сәуірден бастап бұрын 50 пайыз болатын болса, енді 70 пайыз болады. Яғни 14849 теңге болатын болса, енді 20789 теңге болады. Бұл көмекпен ең кем дегенде 830 мыңға жуық қазақстандық қамтамасыз етіледі. Соның ішінде 24480-дей адам Батыс Қазақстан өңірінен. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 1 сәуірге дейін 4834 теңге болған. Енді 20789 теңгеге дейін көбейетін болады. Бұл көмек отбасының әр мүшесіне төленетін болады. Балалары жоғары немесе арнаулы оқу орындарында оқитын болса, оларға 23 жасқа дейін төленеді. Үйдегі үлкен азаматтардың табысы мен күн көріс деңгейінің айырмашылығына байланысты төленеді. Халықты толғандырып жүрген мәселенің бірі – жәрдемақы алардағы жиынтықтардың есептелуі. Осы уақытқа дейін көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы Алтын алқа, Күміс алқа, аналардың жәрдемақысы, мүгедек балаларды қарау үшін берілетін жәрдемақы, шәкіртақы есептелетін болған, енді бұлар есептелмейді. Бұл да көмекті 40 пайызға дейін көбейтетін болады. Келесі мәселе, жәрдемақыларды алар кездегі құжаттарды жинау еді. Енді осының бәрі Электронды халық жүйе арқылы жүзеге асады. Тек отбасының жеке куәлігі ғана қажет, қалғанын мемлекеттік органдар жасайды. Қалада, облыста, ауданда жұмыспен қамту орталығы есептейді. Қазір жергілікті билікпен осы жөнінде жұмыстанып жатырмыз. Мемлекет  басшысы мұндай көмекті ең мұқтаж азаматтарға беруді тапсырды. Сондықтан жергілікті билікпен әр отбасының әлеуметтік картасын жасақтап жатырмыз. Осыған байланысты, мемлекеттен көмек алу мүмкін болмаған жағдайда кәсіпкерлер, демеушілер арқылы көмек беру жұмысын бастаймыз. Мысалы, 4 баласы бар ана, өзі жұмыс жасамайды. Егер бұрын 63740 теңге алып келсе, енді 103 945 теңге алатын болады. Яғни ол кісінің алатын жәрдемақысы 63 пайызға көбейеді. Бұл жанұя айына 114 949 теңге алатын болады. Елбасы айтқандай, мұндай отбасыларды мүмкіндігінше жұмыспен қамту өзекті. «Атамекен» қоғамымен бірігіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қолға алдық. Қазіргі таңда осы бағдарламаға байланысты, қайтарылымсыз грант беріледі. Осындай отбасыларды кәсіпкерлікке тарту үшін жеңілдетілген шағын несиелер берілетін болады. Болжам бойынша, 5000 отбасын қамтығымыз келеді. Үлкен мәселенің бірі – үйде отыратын көпбалалы аналарды әлеуметтік жұмыспен қамту. Оларды тез оқытатын курстарда оқытып, мамандық әперуіміз керек. Содан соң үйінен кәсіп ашуға жағдай туғызамыз. Бұл жөнінде жергілікті билікпен жұмыстанудамыз. Соңғы кезде жергілікті билік кәсіпкерлермен бірігіп, қолдау көмек көрсетіп жүр. Осының бәрін бір жүйеге келтіреміз. Мүмкіндігі шектеулі және оларды бағып отырған жандардың жәрдемақысы 1 сәуірден бастап 10 мың теңгеге өседі. Бұл бағдарлама 10 жылға арналған. Кезең-кезеңмен жүзеге асады, – деді.

 «Білмейтін балаға дайын материалды бере салмауымыз керек»

Ал ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Елбасы тапсырмасына сай, білім саласындағы өзгерістерді жүйелі нәтижеге жеткізу жайын баяндады. –  Тәуелсіздігімізді алып, билік өзіміздің қолымызға жеткелі 1672 мектеп салыппыз. Қазақстан мектептерінде 2 млн.-нан аса оқушы білім алып жатыр десек, соның 668 мың орнын Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарында салынған мектептер екен. Өздеріңіз білесіздер, бюджет үш жылға қаралады. Үш жылдың ішінде 190 мектеп салынады. Бірінші, қаржы апатты жағдайдағы мектептердің ғимараттарын ауыстыруға бағытталады. Екіншіден, үш ауысымда оқып жатқан мектептер қаралады. Үшіншіден, оқушының орны жетпейтін мектептер назарда болады. Батыс Қазақстан облысы бойынша қазір үш мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бірі – үш ауысымдағы мектепті қарайтын болса, екеуі апатты жағдайдағы мектеп ғимаратының мәселесін шешеді. Білім сапасы – мектептерде жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Міне, сондықтан ең бірінші 2012 жылдан бастап, мемлекет жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарынан өткізіп жатыр. Қазір 144 мың жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері үш жылдың ішінде курстан өтеді. Бірінші рет биылдан бастап 85000 сынып жетекшілері мен психологтарды оқытатын боламыз. Себебі, қазір балаларға психологиялық көмек керек. Екінші мәселе, үштілділікке байланысты. Химия, физика, биология, информатика пәндерін жоғары екі сыныпта ағылшын тілінде оқытуды біз кезең-кезеңмен, мұғалімдер дайын болған кезде, мектеп дайын болған кезде ғана енгізе бастаймыз. Біздің қазіргі республика бойынша 100-ден аса мектеп үштілде оқытуды бастаған. Ол мектептердің қазіргі жағдайын зерделеп қарап отырмыз. Нені шешуіміз керек? Қалай ұйымдастыруымыз қажет? – деген секілді зерделеп, сосын бастаймыз. Сондықтан аталмыш пәндердің мұғалімдерін ағылшын тіліне оқытатын курсқа жұмсалатын ақшаны біз педагогикалық жоғары оқу орындарында мұғалімдердің сапасын көтеруге жұмсаймыз. Технология жылдам пайда болады, өндіріске жылдам енгізіледі. Әрбір кезеңнің өзінің капиталы бар. Аграрлық кезеңде капитал жер болса, қазіргі жағдайда капитал – адам. Адамның кәсіби шеберлігі. Қазір балалар алған білімдерін пайдалана алуы керек. Бүкіл білімнің жүйесі ешқайда кеткен жоқ. Міне, жаңартылған білім мазмұнында қазір күтілетін нәтиже ғана өзгерді. Мұғалім дайын материалды келіп балаға түсіндіріп бермейді, бұл ақпараттық оқыту. Білімді меңгеру дегеніміз – алған білімді пайдалана білу. Мұғалімге сұрақ қою, есеп шығарту, тапсырманы орындату арқылы жаңа материалды түсінуге баланың өзін жетелеп алып келу керексің деген талап қоямыз. Қытайда  «Аш адамға балық берме, қармақ бер» деген мақал бар. Бұл да сол секілді. Білмейтін балаға дайын материалды бере салмауымыз керек. Сол материалды табуға үйретуіміз қажет. Бұрын жаңа мамандық 30 жылда пайда болатын болса, қазір ек-үш жылда пайда болады. Сондықтан жастар мамандығын қайта-қайта өзгертуіне тура келуі мүмкін. Әр уақытта оқуға, ізденуге дайын болуы керек. Міне, қазір қойылып отырған мәселе – осы ғана. Сол сияқты колледж, жоғары оқу орындарында оқу бағдарламасы, еңбек нарығына байланысты болғаны жөн. Еңбек нарығына қажетті мамандықтарға дайындауымыз қажет. Елбасы әр өңірде 20 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны мен 180 колледж болуы керектігін айтты. Бұл да жүйелі түрде жасалатын дүние. Қазір Еңбек министрімен бірлесіп, елге керек, экономикаға қажетті 100 мамандық анықталып отыр. Колледждер әкімшіліктермен бірлесіп, тізімдерін беруде. 20 жоғары оқу орнына да кез келгенін ала салмаймыз. Соңғы он жылдың ішінде мемлекеттік бағдарламаларға сай мамандар дайындаған, лабораториялары бар, жаңа базалары жасақталған жоғары оқу орындары кіретін болады. Себебі бізге сапалы маман керек, – деді Күләш Ноғатайқызы.

                     

 

«Қара жұмыстың бәрін мейірбикелер атқарады»

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қызметтердің сапасындағы мәселелерді ашып айтты. – Біздің саладағы ең күрделі мәселе – медициналық кадрлардың тапшылығы. Көп жағдайда медициналық ұйымдарда дәрігерлер жетіспейді, әсіресе ауылдық жерлерде. Осы мәселені шешу үшін, Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде нақты тапсырмалар берді. Жоғары сұранысқа ие мамандардың жалақысын көтеруді тапсырды. Шілденің 1-інен бастап 25 мың медициналық қызметкердің жалақысы 30 пайызға көтеріледі. Әсіресе, мейірбикелерге көп жүк түседі. Медицина саласында қара жұмыстың бәрін мейірбикелер атқарады. Өкінішке орай, олардың жалақысы 65-70 мың болса, енді 100 мыңға көтеріледі. Санитаркалар да бұл құрамға кіреді. Учаскелік дәрігерлерге тапшылық бар. Қазір алғашқы медициналық көмек емханаларда жасалады. Заңға сәйкес, әр адамның тегін медициналық көмек алуға құқы бар. Қазіргі таңда бір дәрігерге шамамен 1700 адамнан тіркелген. Тіптен,  2000-2500-ден асады. Бір дәрігер екі адамның жұмысын жасайды. Әрине, сосын ұзақсонар кезек болады. Сапа төмендейді. Осы орайда ауылдарда жаңа медициналық пункттер, амбулаториялар ашу жоспарланды. Оларға дәрігерлерді тарту үшін айлығын 30 пайызға көбейту көзделіп отыр. Ең маңызды мәселе – ана мен бала денсаулығы. Педиатр дәрігерлер де жетіспейді. Жедел жәрдем мамандары да тапшы. Олардың да жалақысы 30 пайызға көбейеді. Қазір елімізде 60 мың дәрігер бар. Келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі. Көп ауылдарда талапқа сай медициналық пункттер жоқ. Елбасы тапсырма берді. Үш жылдың ішінде 595 түрлі медициналық нысан салынады. 90 пайызы ауылда болады. Үш жылдың ішінде ауыл тұрғындарының медициналық қызметкерлерге сұранысын шешеміз. Осы жылдар ішінде Батыс Қазақстан облысында 22 медициналық мекеме салу жоспарланып отыр. Оралда кардиохирургиялық орталық салынуда.

Жиында сондай-ақ ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев Елбасы жүктеген міндеттерді түсіндіріп, жоспарларымен бөлісті.

Бұдан соң министрлер көпбалалы аналардың өтініш-тілектеріне құлақ түріп, мәселелерін тыңдады. Әр ананың уәжі аяқсыз қалмайтын болды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
266 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
528 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
768 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
802 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
957 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1151 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1388 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1471 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1580 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1590 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1618 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1625 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1728 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1947 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2256 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2141 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2254 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»