БҚО ТҰРҒЫНДАРЫ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНАН АЛҒАН «ТОП-5» ҚЫЗМЕТ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейінгі көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады.

Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейін көбіне жеке куәлік пен паспорт алу үшін жүгінген. Алдын ала есептеулер бойынша 155 мыңнан астам азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан. Батыс Қазақстан бойынша 3000 астам жеке куәлік және төлқұжат берілді.
Екінші орында автокөлікті қайта тіркеу қызметі. Мамыр айында автомобиль иелері Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында 118 мыңнан астам көлікті қайта тіркелген болса, біздің облысымызда бұл көрсеткіш 3000 шамасында.
ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлік иелері де күтті. Азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметі үшін ХҚО-ға 56 мыңнан астам рет жүгінген, Батыс Қазақстан облысында 2000 астам.
Төртінші орында жүргізуші куәліктерін ауыстыру және беру қызметі. Мамыр айында 30 мыңға жуық құжат рәсімделген. БҚО бойынша 1000 жүргізуші куәлігі берілді.
Карантиннен кейінгі сұранысқа ие бесінші қызмет – әлеуметтік қауіп-қатер жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қызметі. Бұл негізінен жүктілік және босануға байланысты берілетін төлем. Оны 20 мыңнан астам жүкті әйел алған, ал біздің облысымызда, 1500 дей әйел адам бұл қызмет түрін алды.
Азаматтарға арналған үкіметтің алдын ала мәліметі бойынша мамыр айында ХҚО арқылы Батыс Қазақстан облысында 20 мыңға жуық, ал Қазақстанда 645 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі алынған. Бұл жерде ХҚО-лардың әр түрлі уақытта ашылғанын ескеру керек. Мәселен, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 мамырда, ал Алматыдағы ХҚО-лар өз жұмысын 25 мамырда бастады.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді(106 мемлекеттік қызмет)ғана ұсынады. ХҚО-ға кезекті еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу