БҚО-НЫҢ БАС ИМАМЫ АУДАН ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен барғанҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Бақытжан Сабырәлиев алдымен аудан әкімі Азамат Сафималиевтің қабылдауында болды. Содан соң аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевпен бірге аудандық Ардагерлер үйіне барды. Бұл туралы ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі хабарлады.
Мұнда қонақтарды Жәнібек ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерсайын Құбашев бастаған аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері күтіп алды. Аталмыш ұйым төрағасы дін өкілдеріне ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжейлі түсінік берді. Емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды, ауданнан шыққан батырлар мен өнер адамдары туралы айтылды.
Өз кезегінде Бақытжан Құралбайұлы аудан ардагерлерінің басыбайлы ғимаратының бар екенін, аудан әкімдігімен бірлесіп атқарып отырған жұмысына ризашылығын білдірді. Ардагер-ұстаз Қабаш Жүнісов қонақтарға ақ батасын берді. Бұдан кейін аудандық мешіттің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев бастаған дін өкілдері аудандық музей бөліміне саяхат жасады.
Бас имам аудан, ауыл мешіттеріне арнайы барып, мешітке жиналған бірге намаз оқылып, бірлік жайында уағыз айтып, сауалдарына жауап берді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу