8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Наурыз 2019 1817 0
Қоғам

БҚО ӘКІМІ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

         

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірдегі бір топ әйел-аналарды Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Олардың ішінде қоғам қайраткерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, журналистер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандар бар.

–  Құрметті аналар! Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен сіздерсіздер. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаев  «Әйел – әр шаңырақтың шаттығы, әр отбасының нұр шуағы.  Әйел – мемлекеттің құт берекесі» деп сіздерді өте жоғары бағалайды. Сол себепті біздің елде отбасылық құндылықтар, әйелдер мүддесі үнемі жіті назарда. Өздеріңіз, куә болғандай, Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде аналарға, аз қамтылған отбасыларға үлкен қолдау болатынын жеткізді. Біз сол жұмысты бастап кеттік. Күні кеше Елбасымыз қосымша 1 шілдеде емес, көмекке мұқтаж азаматтар 1 сәуірден бастап қолдау алсын деді. Бұл – мемлекеттің үлкен қамқорлығы. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы, әсіресе, көпбалалы, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға бағытталған. Біздің облысымызда 21 000 аз қамтылған, 7000 көпбалалы отбасығае қамқорлық басталады. Түрлі салада қызмет етіп жүрген аз жалақы алатын 50 мыңнан аса азаматтың жалақылары 1 шілдеден бастап 25-30 пайызға көбейеді. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналардың да жәрдемақысы 30 пайызға өседі. Мұқтаж азаматтарға баспана салынады. Мұның бәрі – отбасын шайқалтпай, шамшырағын жағып отырған аналарымызға үлкен қолдау деп санаймыз. Жақсы жаңалықтар құтты болсын. Өздеріңіз өңіріміздің өркендеуіне де айтулы үлес қосып келесіздер. Заманауи отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік теңдікке қол жеткізу қоғамда әлеуметтік жаңару процесі. Біздің өңірде түрлі салада үлкен қызметте жүрген әйел-азаматшалар көп. Барлық аналарды сіздер арқылы құттықтағымыз келеді, – деген өңір басшысы Алтай Сейдірұлы барлық әйел азаматшаларға гүл шоқтары мен сый сияпатын табыстады.

Ақ Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева «Ризашылық» өлеңін оқып беріп, адамзаттың ұрпағын тәрбиелейтін аналарға игі тілегін жеткізді. Ақ дастархан басында емен-жарқын әңгіме-дүкен құрған аналар облыс басшысына ризашылықтарын білдірді. Салтанатты шара барысында жергілікті өнерпаздар кеш көрігін әсем әндерімен шырайландырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

     

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
99 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
104 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
144 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
157 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
541 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
681 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
714 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
991 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1001 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1127 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1427 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1522 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1551 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1758 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2250 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»