БҚО-ДА ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН 720 БАЛА ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕГЕ БЕРІЛГЕН
БҚО білім басқармасының мәліметінше, облыс бойынша 817 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатады.

Оның 720-сі – отбасылық тәрбиеде (қорғаншылық, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы). Нақтырақ айтқанда, 538-қорғаншылық пен қамқоршылықта, 169-патронат тәрбиесінде, 13-қабылдаушы отбасында. Ал қалған 97-сі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі мекемелерде тәрбиеленуде. Жылдан-жылға облыста жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар контингенті азаюда, әсіресе жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілер саны азайып келеді. 2016 жыл -191 бала, 2017 жыл – 163, 2018 жыл- 132 бала болған.
2019 жылы мекемелерден 51 тәрбиеленуші отбасына орналастырылды. Оның ішінде 5-уі асырап алынған. 14-і қорғаншылық және қамқоршылық, 16-сы патронаттық тәрбиеге, 5-уі қабылдаушы отбасына орналастырылса және 12-сі туған отбасыларына қайтарылды.
Биыл мекемелерден 2 тәрбиеленуші отбасына орналастырылды. Оның ішінде біреуі қорғаншылыққа болса, біреуі туған отбасына қайтарылған. Дегенмен, мамандар қазіргі уақытта карантинге байланысты бұл бағыттағы жұмыс тоқтап тұрғанын мәлім етті.
Бүгінде 123 отбасында 169 бала патронат тәрбиесінде.
Патронат отбасыға мемлекеттік тарапынан10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде жәрдемақы төленеді және патронат тәрбиешісіне білімі, енбек өтіліне сәйкес жалақы ретінде жәрдемақы төленеді. Отбасындағы балалардың жағдайын қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі мамандары әр алты ай сайын тексеріп, баланың тәрбиесі денсаулығы және берілген қаражатты жұмсау туралы есеп алады. Сонымен қатар, балалар үйінен кеткен балалардың жағдайы балалар үйі әкімшілігімен және жылына бір рет білім басқармасымен тексеріліп, мәселе алқа отырысында қаралады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу