8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Тамыз 2026 36 0
Инфрақұрылым

БҚО-да Жайық арқылы өтетін жаңа көпірдің жобасы қаралды

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Жайық өзені арқылы салынуы жоспарланған жаңа көпірдің жобасымен танысты.

Кездесу барысында нысанның техникалық шешімдері, құрылыс кезеңдері және оны жүзеге асырудың негізгі бағыттары қарастырылды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынған. Жаңа көпір техникалық жағдайына байланысты пайдалануға шектеу қойылған қолданыстағы өткелдердің жанында салынады. Нысан халықаралық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының құрамына еніп, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы шамамен 8 шақырым болатын автожол, ұзындығы 513 метрлік негізгі арналық көпір және 1710 метрлік жайылмалық көпірлер салу көзделген. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, құзырлы мемлекеттік органдардың келісу рәсімдерінен өткен. Жобада заманауи инженерлік технологияларды қолдану жоспарланып отыр.

Жұмыс кеңесі барысында Көлік министрі жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар құрылысқа қажетті қаржыландыру көздерін айқындау, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа көпірдің салынуы өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық бағыттағы тасымалдың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
189 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»