БҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 39 АДАМНАН КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифнгте БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтып берді.
Облыс бойынша COVID-19 7643 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 3744, симптомсыз – 3899 жағдай, сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1158,1 құрады. Індеттен 6992 адам сауығып, өкінішке орай 130 адам қайтыс болды.
1-19 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 619 жағдай тіркелген, оның ішінде 262 жағдайда ауру белгілері бар болса, 357 жағдайда –ауру белгілері жоқ.
Орал қаласы бойынша барлығы 430 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 69,4 пайызын құрайды. Бәйтерек ауданында – 85 жағдай, Бөрлі ауданында – 36, Теректі ауданында – 18, Шыңғырлау ауданында – 15, Жәнібек ауданында – 9, Казталов ауданында – 7, Жаңақала ауданында – 6, Сырым ауданында – 5, Қаратөбе ауданында – 3, Тасқала және Ақжайық аудандарында – 2 жағдайдан, Бөкей ордасы ауданында бір жағдай тіркелді.
Аталған жағдайлар жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 262 адамда (42,3%), ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 179 адамда (28,9%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 114 адамда (18,4%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 64 адамда (10,3%) анықталды.
БҚО өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 39 жағдай тіркелді, оның ішінде 22 жағдайда ауру белгілері бар болса, 17 жағдайда ауру симптомсыз. Қарым-қатынаста болғандар арасында – 13, ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер арасында – 13, профилактикалық мақсатта тексерілгендер арасында – 7, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілгендер арасында – 6 жағдай тіркелді.
1қарашадан бүгінге дейін облысымызда мемлекеттік шекарадан барлығы 15463 адам өтті, оның ішінде 2790-ы – жолаушы, COVID-19 анықтамасынсыз – 283 жолаушы өткен. Анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19 тест алынды, оның 7-еуінде тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. БҚО арқылы өткен 2 жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 5402, оның ішінде 3226 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 2176 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында тест 20 адамда оң нәтиже көрсеткен.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу