БҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША 46 ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ОРЫНДАЛДЫ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Нұрхат Ораш 2020 жылы өңірде жастар саясаты саласында жасалған жұмыстар туралы мәлім етті.
Батыс Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығында 128 527 жас бар, ол жалпы халықтың 19,6 пайызын құрайды.
2020 жылы өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін 3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінен. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 46 жобаны іске асыруға 185 млн.теңге көзделген.
2020 жылдың IIІ тоқсанында жастардың жұмыссыздық деңгейі – 4,0 пайыз. NEET жастарының үлесі, яғни жалпы жастар саны бойынша еш жерде оқымайтын, жұмыс істемейтін жастар үлесі – 2020 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша – 2,8пайыз. Нұрхат Ораштың айтуынша, бұл қазіргі уақытта республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Пікір үстеу