БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ
Бүгін, 1 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев №6 «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 08 ақпанындағы 2021 жылғы № 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1-5 (7) сыныптардың оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Сондай-ақ жексенбі күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарларға, сауда үйлері мен орталықтарының жұмыс жасауына рұқсат беріліп отыр. Әрине, белгіленген талаптар сақталуы керек.
Қаулы мәтіні төмендегідей:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, «құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, «санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі – КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 08 ақпанындағы №5 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
- коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 60%-ын (адам саны 15 және одан жоғары) «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды ұсынамыз.
«Қашықтықтан» жұмыс түріне бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу.
1-тармақтың 6-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
- 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мынаған:
– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға;
– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту) ;
– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;
– колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға рұқсат беруді, ішінде аралас оқытуға (пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға);
1-тармақтың 11-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
11) азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар (жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін) №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;
1-тармақтың 12-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
12) сауда үйлері мен орталықтары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес (толтырылуы нысанның сыйымдылығының 30% артық емес, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде) №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып.
- Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев
Версия для печати
Пікір үстеу