БҚО-ДА ЕКІ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ЖЕТКІЗУШІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Кәсіпкерлік туралы» кодекстің 169-бабы 1 – тармағының 2-тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі – сауда-саттықта бағаны ұстап тұру, конкурс қорытындыларын бұрмалау бөлігіндегі бәсекелестікке қарсы көлденең келісім бойынша екі заңды тұлғаға, яғни жанар-жағармайды көтерме жеткізушілеріне қатысты тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында лауазымды тұлғалар 2016 жылғы кезең мен 2019 жылғы қараша аралығында бензин жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде тергеу объектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімнің бұлтартпас дәлелдемелерін жинады. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексерудің көрсетілген объектілеріне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды және бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарылды.
Батыс Қазақстан облыстық соты осы заңды тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 40 449 452 теңгеге монополиялық табысты тәркілей отырып, айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта барлық сома бюджетке аударылды, ал нұсқамалар монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде толық көлемде орындалды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу