8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Тамыз 2025 1439 0
Оқиға

БҚО-да бопсалау фактісі бойынша күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында бопсалау фактісі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны бұрынғы танысын бірнеше жыл бойы бопсалап келген. Ол интим сипаттағы фотосуреттерді әлеуметтік желілерге таратамын деп қорқытып, жәбірленушіден жүйелі түрде ақша талап еткен.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші үш жыл ішінде күдіктіге жалпы сомасы 9 миллион теңге көлемінде ақша берген. Бопсалау әрекеттері банктік аударымдар мен мессенджерлердегі жазбалар арқылы расталды.

Күдікті кезекті рет 150 мың теңге алып жатқан сәтінде қылмыс үстінде ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті бопсалау жағдайында азаматтарды дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. Қаскөйлердің талабына еріп, мәселені өз бетінше шешуге тырысу – жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар ұсынысы – жаңа жобаның негізі
18 Тамыз 2026
73 0
Қалалықтар қаперіне
Орал көшелеріндегі жол белгілері жаңартылуда
18 Тамыз 2026
77 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда жылыту маусымына дайындық күшейтілді
18 Тамыз 2026
69 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз!
18 Тамыз 2026
68 0
Қалалықтар қаперіне
Қала келбетін көркейтуге жаңа қадам
18 Тамыз 2026
67 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс нысандары бақылауда
17 Тамыз 2026
102 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
16 Тамыз 2026
135 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
170 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
204 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»