8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Шілде 2020 963 0
Қоғам

БҚО-ДА 300-ДЕН АСА ДӘРІХАНАҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

БҚО-да  дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне жол бермеу бойынша атқарылып жатқан жұмысар туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет баяндады. 

Карантин кезінде өңірдегі фармацевтикалық қызметтің дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі, АМТ және қоғам өкілдерінен құрылған мониторингтік топтар дәрілік заттарды бөлшек саудамен сату барысына түсіндіру жұмыстарын жүргізу және дәрілік заттар бағасының негізсіз жоғарлауын анықтау жүргізуде. Бүгінгі күні облыс көлемінде 300-ден астам дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

Мәселен, Нұрдәулет Сәметтің мәліметінше, 14 шілде күні департаментке карантин кезінде Орал қаласының дәріханаларында жоқ дәрілік препараттарды (ингавирин, цефтриаксон, азитримицин) заңсыз сатып жүрген белгілі бір азамат туралы арыз түскен.  Сол күні өтініш берушінің қатысуымен көрсетілген дәрілік препараттарды белгісіз азаматтан сатып алу ұйымдастырылып, одан 5 қорап ингавирин, 5 қорап азитримицин және 38 ампула цефтриаксон сатып алынды. Сатып алынған дәрілердің жалпы құны 66 830 теңгені құраған. Материал БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне (14.07.2020 ж. АТК №202700130000489) ҚР ӘҚБК  424, 426-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін берілді. Бүгінгі күні аталған іс сотта қаралуда.

Мемлекет басшысының «СК-Фармация» ЖШС-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау туралы тапсырмасы шеңберінде COVID-19 әлемдік пандемия жағдайында Қазақстанға келіп түсетін барлық гуманитарлық көмекті соңғы тұтынушыға дейін сүйемелдеуді қамтамасыз ету тапсырылған болатын. Осы жұмысқа қоғам және БАҚ өкілдерін қатыстыра отырып, гуманитарлық көмекті қабылдауға және таратуға жауапты Денсаулық сақтау басқармасымен өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні облысқа Катардан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан, Қытайдан, Ресей Федерациясынан және Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті. Гуманитарлық көмектердің ішінде «Коронавир» дәрісі және жеке қорғаныс құралдары бар. Алдын-ала алыпсатарлық фактілерін болдырмау үшін әрбір дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы «ТЕГІН БҚО Гуманитарлық көмек» мөртаңбасымен таңбаланды. Бұл гуманитарлық көмектер БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Халықтық бақылау» комитетінің және қоғам өкілдері мен еріктілердің қатысуымен облыстық, қалалық және аудандық ауруханаларға, провизорлық стационарларға бөлініп жеткізілуде, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің  облыстағы департаменті басшының орынбасары.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
92 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
153 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
390 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
872 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1250 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1149 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1609 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2225 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2390 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2397 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2448 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2453 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2064 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2932 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2986 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2980 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3593 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3561 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3552 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3528 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3688 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»