БҚО БОЙЫНША ТМРКД БАСШЫСЫ ЖЫЛЫТУ ТӨЛЕМІН ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕУ КЕРЕКТІГІН ТҮСІНДІРДІ
«Есептеу құралын орнату – бұл ең алдымен энергияны үнемдеуге ынталандырады. Есептеу құралдарын орнату кезінде жылу энергиясын тұтынушылар ресурстың тұтынылуын үнемі бақылай алады, осылайша аз төлеу үшін олар қанша тұтынғанын және жылу энергиясын тұтынуды қанша қысқартуға болатынын біле алады» деп түсіндірді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Алмас Отаров.
Қазіргі уақытта жылу энергиясын есептеу құралдары үлкен маңызға ие болды, өйткені жылу энергиясы коммуналдық шығындар арасында ең маңызды болып табылады және тұрғындардың коммуналдық төлемдер сомасының жетпіс пайызын құрайды.
Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабымен жабдықталған және барлық тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлар жылу энергиясын есепке алудың жеке және (немесе) жалпы аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі үйде тұрғын үй-жайды жылыту жөніндегі коммуналдық қызмет үшін төлемақы мөлшері үй пәтерлерінің алаңының 1 шаршы метріне үйге ортақ аспап бойынша орташа көрсеткішті негізге ала отырып, оның алаңы бойынша айқындалады.
Бүгінгі күні тұтынушылар өздерінің тұрғын алаңының квадратурасы бойынша салыстыру үшін жылыту кезеңі үшін есептеу сомасын есептеуге мүмкіндігі бар.
«Ол үшін тек сілтеме бойынша өту керек: «Жайықжылуқуат» АҚ-ның http://jte.kz/dlja-fizicheskikh-lic/nachislenija-po-domam-za-period.html және есептеумен келіспеген жағдайда, сіз субъектінің әрекетін заңдылыққа тексеру үшін БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіне хабарласа аласыз», – деп атап өтті Алмас Отаров.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу