8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қараша 2020 1498 0
Дені сау ұлт

БҚО БОЙЫНША МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА 6,2 МЛРД. ТЕҢГЕ АУДАРЫЛДЫ

2020 жылдың 10 айында міндетті әлеуметік медициналық сақтандыруға облыс бойынша түскен жарнаның жалпы сомасы 6,2 млрд. теңгені құрап отыр. Оның 4,0 млрд.теңгесі жұмыс берушілер аударымдары болса, қалған 2,2 млрд. теңгесі жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.

МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін атап өткен жөн. Бұл қаражат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізуші – медициналық ұйымдары көрсеткен МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қорғау – Қордың жұмысындағы басымдық екенін еске салады. Егер пациент медициналық көмек көрсетуден бас тартуға тап болса немесе ол тиісті түрде көрсетілмесе, онда кері байланыс арналары – 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығы, Qoldau 24\7 мобильді қосымшасы немесе SaqtandyruBot Telegram-боты арқылы ӘМСҚ-на жүгінуі қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары Жедел әрекет етіп, қажетті көмек көрсетеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ БҚО бойынша филиалы

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»