Бүгінгі таңда Қазақстанда қанша адам тұрады?
Қазақстан халқының саны 2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша 19 899 377 адамға жеткен. Жаңартылған мәлімет Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланған.
Бюро жариялаған мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың саны бір айда 20 мыңнан аса адамға өскен. 2023 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша Қазақстандағы халық саны 19 879 003 адамды құраған болатын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қала халқы 12 317 671 адам, ауыл халқы 7 581 706 адамға жеткен.
Бюро ақпаратынша, Қазақстанда халқы ең көп елдімекен – Алматы қаласы. Мегаполисте 2,1 млн адам тұрады. Екінші орында – 2,1 млн тұрғыны бар Түркістан облысы болса, 1,5 млн адам тұратын Алматы облысы үшінші орында. Сонымен қатар 2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша елордада 1 383 291 адам, еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 1 205 889 адам тұрады. Айта кетейік 2017 жылы Қазақстан халқының саны 17,9 млн адам болған еді. Оның 10,3 млн тұрғыны қалалықтар, 7,5 млн тұрғыны ауылдықтарды құраған. 2021 жылы қазақстандықтардың саны өсіп, 18,8 млн-ға жеткен болатын.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу