8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2024 2658 0
Қалалықтар қаперіне

Қазақстанда 10 ақпаннан бастап киік атуға қайтадан тыйым салынды

Еліміздің аумағында киік аулау уақытша тоқтады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде орман қорғау тақырыбына арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілерге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

«Отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киік ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қазір қыс кезінде далада жүру қиындады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап киіктердің санын реттеу процесін тоқтаттық», – деді Е.Нысанбаев.

Оның айтуынша, киік аулау жұмыстары келесі жылы жалғасады. «Былтырғы тәжірибені ескере отырып, биыл егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі. Алдын ала есептеу бойынша шамамен 40 пайыз өсім болды. Жалпы, былтырғы өсімді есепке алғанда төлдейтін уақытта шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Тіпті пессимистік жағдайда да биыл өсім байқалады», – деді министр.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
38 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
87 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
51 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
277 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»