АУЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ
Бүгін Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Мәдени–ағарту бірлестігі «Желбіре Жеңіс жалауы!» тақырыбымен көшпелі концерт ұйымдастырды. Көшпелі концерт барысында қаладағы аула клубтары Қ.Аманжолов көшесі, 49/1, Н.Назарбаев даңғылы, 151/2, Н.Назарбаев даңғылы, 151/1, Х.Чурин көшесі, 30/1 мен Құрманғазы 33, М.Жүнісов көшесі, 78, Есқалиев көшесі, 106 мен Дәулеткерей көшесі, 31, Чагано-Набережная көшесі, 80, Х.Досмұхамедов көшесі, 8, Есқалиев көшесі, 120/1 мен Фрунзе көшесі, 43, Шевченко көшесі, 65, Қ.Аманжолов көшесі, 89, М.Жүнісов көшесі, 103 пен Қ.Аманжолов көшесі, 116, Самар көшесі, 103, Сарайшық көшесі, 55-үйлердің аула тұрғындарына концерттік бағдарламаларын ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Өнерпаздар «Ана туралы баллада», «Жеңіс күні», «Синий платочек», «Катюша» секілді соғыс кезіндегі әндерді тебірене шырқады. Аталмыш шараға «Балауса» балалар аула клубынан Г.Мырзағалиева, «Атамекен» балалар аула клубынан Д.Жұмағалиева, «Жас қыраннан» К.Қабиева, «Жұлдыз» комьюнити орталығынан Д.Жайтуғанов, «Әйгерім» балалар аула клубынан Ш.Жасмағанбетова, «Жас шебер» балалар аула клубынан А.Есенова, «Бойтұмар» клубынан А.Салауат, «Достықтан» Ж.Аманғалиевалар өнер көрсетті. Қалалықтарды бір серпілткен тағылымды кешті «Жұлдыз» комьюнити орталығының меңгерушісі А.Искакова мен «Алау» балалар аула клубының үйірме жетекшісі Е.Нұрлан жүргізді. Сонымен қатар «Арай» /Ет комбинаты/ комьюнити орталығы мен «Шұғыла» /Круглоозерное/, «Болашақ» /Ветелки/ балалар аула клубтары да өз аудандарында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, аудан тұрғындарыныңи көңілін серпілтті. Концертті тамашалаған тұрғындар бірлестіктің көркемөнерпаздар ұжымына қазіргі елдегі төтенше жағдайға қарамастан халыққа мерекелік көңіл сыйлағандары үшін алғыстарын жаудырды



.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу